Бесінші деңгейдегі инновация – білім беру жүйесінің «жаңа буынын»
құрумен ерекшеленеді (жүйенің алғашқы қасиеттерін түгел өзгерту болып
табылады).
Бизнес-жоспар – жоспарлау жүесіндегі қоғам мақұлдаған әртүрлі
ұйымдық құқықтық нысандағы кәсіпкерлік құрылымдар пайдаланатын жүйе
жол.
Білім беру сапасы – білім берудің белгілі бір нормалар мен
стандарттарға және оқушылардың дайындық сапасын сипаттайтын мүдделері
мен қажеттіліктеріне сай болуы.
Білім сапасы – адам өз білімін әртүрлі қызмет түрлерінде көп аспектілі
талдауды меңгеру және қолдану нәтижесін айқындайтын, білім мазмұны мен
меңгеру деңгейлерінің ара қатынасын анықтайтын көрсеткіш.
Білім сапасы – тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың
білімі, ептілігі, дағдылардың мазмұнына, көлеміне тұрақты және дамудағы
тұтынушылықтарын
қанағаттандыратын
қабілеттілікті
сипаттайтын
көрсеткіштер жиынтығы.