61
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке
даярлығын қалыптастыру
(Н.Ш.Чинкина, Е.Г.Гаевская, Ш.Х.Курманалина, М.М. Мұқаметқали және т.б.).
Болашақ мұғалімдерді инновациялық технологияны оқу-тәрбие
процесіне пайдалануға дайындау (И.С.Дмитрих, М.Г.Соколова, Г.О.Қожашева,
Г.С.Сибагатова, Б.Е.Медетбек, А.Е.Берикханова, Г.С.Базарбаева және т.б.).
Жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесінде инновациялық
технологияны пайдалану (Қ.Ө.Кариева, М.С.Мәлібекова, Г.Т.Жақыпбекова,
Б.А.Қадырбаева,
М.Б.Мақамбаев,
З.А.Құттықожанова,
Б.О.Қуанбаева,
С.К. Исламгулова және т.б.).
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық даярлығын қалыптастыру
(Б.Т.Барсай, Қ.М.Нағымжанова және т.б.).
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің дидактикалық теориясы:
В.И.Журавлев,
И.А.Зязюн,
П.И.Карташов,
Л.И.Гусев,
Н.В.Кухарев,
Ф.Ш.Терегулов, Л.М.Фридман, Н.Р.Юсуфбекова, И.И.Цыркун, В.А.Сластенин,
Л.С.Подымова, Б.Т.Барсай, Г.Е.Берікханова, К.Жақсылықова, Қ.Ө.Кариева,
М.М.Мұқамбетқали, Қ.А.Сарбасова және т.б.
Инновациялық іс-әрекет үшін маңыздысы тек қана іс-әрекеттің мазмұнын
ғана өзгерту емес, сондай-ақ оның әдіс-тәсілдерін
модернизациялау, яғни іс-
әрекеттің технологиясын да жетілдіру аса қажет. Осы тұрғыдан алғанда,
жаңашылдықты – инновацияның нәтижесі ретінде қарастыруға болады, ал
инновациялық процесс, ең аз дегенде 3 кезеңді қамтиды: идеялар генерациясы;
қолданбалы бағытта идеяны жүйелеу; практикаға жаңалықты ендіруді жүзеге
асыру.
Жаңашылдық ғылыми идеялардың тууынан оның практикалық
қолданысқа енуіне дейінгі барлық кезеңдерді
қамтитын және әлеуметтік-
педагогикалық ортадағы осыған сәйкес өзгерістерді жүзеге асыратын процесс.
Білім беру саласындағы инновация деп арнайы жоспарланған немесе
«кездейсоқ ашылған» педагогикалық инициативалар ретінде жаңалықтарды
айтамыз. Бұл ретте «жаңашылдық» мазмұнына ғалым В.М.Полонский ғылыми-
теориялық білімнің нақты жаңалығын жатқызса, В.П.Беспалько және
В.В.Сериков жаңа тиімді білім беру технологияларын жатқызады, ал
Н.Л.Гузик тиімді инновациялық педагогикалық
тәжірибенің технологиялық
жобасын ұсынады.
Инновация – бұл тек педагогикалық процесс немесе мектепті басқаруды
ұйымдастырудағы қандайда бір жаңалықтардың жемісі ғана емес, ол мектептегі
тәрбиелеу және оқыту жүйесінің бәрінде өзгеріс әкелген өзара әрекеттер
жиынтығының нәтижесі. Осындай нәтижелі еңбекті ұйымдастырғанда
мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке қажеттілігі арта түседі (3-кесте).
Ғалым Я.С.Турбовскойдың пікірінше, жаңашылдық озат педагогикалық
тәжірибені пайдалану барысында оқу-тәрбие процесінің
сапалы жаңа өзгерісі
болып табылады.