66
1)
жаңашылдық тәжірибе – жаңа ғылыми білімнің көзі, нақты гипотеза,
теория, әдістеме, тұжырымдарды толықтырады, одан әрі дамытады;
2)
жаңашылдық тәжірибе тікелей жалпы практикаға әсерін тигізеді,
өйткені практикаға жаңа педагогикалық технологияның тек жеке элементтері
ғана енеді;
3)
жаңашылдық жалпы педагогикалық практикаға рухани тұрғыда әсер
етеді, әрбір мұғалімнің өзін-өзі жетілдіруіне ықпал етеді, мұғалімнің ізденісіне,
ізгілік бағытына, тұлғаның мүмкіндік қабілеттерінің ашылуына жол ашады.
Ғалым В.И.Журавлев жаңалықты оқу-тәрбие процесіне ендірудің
алғышартына білім беру саласындағы ғылыми ұсыныстарды ғалымдардың,
мұғалімдердің, педагогикалық ұжымның, білім беру жүйесі мекемелерінің
тәжірибелерінде қолдану нәтижелерін зерттеуді ұсынады.
Ғылыми еңбектерге жасалған талдауымыздың нәтижесінде, озат
инновациялық
тәжірибені
практикаға
ендіруде
мұғалімге
қажетті
инновациялық білім мен біліктіліктің минимал (ең төменгі) деңгейі анықталды:
-
педагогикалық іс-әрекеттің арнайы түрлерін ендіру бойынша
инновациялық білімі;
-
жаңаны зерттеушілік біліктілігі;
-
практикада кездесетін инновациялық мәселелерді ғылыми проблема
түрінде қарастыра алуы;
-
қарастыратын инновациялық проблеманы шешудің өз тәжірибесінен
алынған жолдарын көрсету (идея, бағдарлама, әдістеме және т.б.);
-
педагогикалық іс-әрекеттің жаңартылған жүйесін жасау;
-
қарастырылған мәселе бойынша мақсатқа бағытталған бақылау,
педагогикалық эксперимент жүргізу;
-
қажетті негізгі және қосалқы инновациялық ақпараттарды таба алуы
және пайдалана білуі.
Достарыңызбен бөлісу: