Сурет-18. Білім беру саласындағы жаңашылдық деңгейлері Ғылыми әдебиеттерде «жаңашылдық» пен «жаңа құрал» және
«инновация» мен «жаңалық ендіру» ұғымдары бір-біріне синонимдер болып
табылады.
Жаңашылдық – бұл құрал (жаңа әдіс, әдістеме, технология,
бағыттама және т.б.), ал
инновация – осы құралды меңгеру процесі. Ал
инновациялық процесс жаңалықтың өмірге келуі, оны меңгеру, пайдалану және
тарату процесімен сипатталады.
ХХ ғасырдың 80-жылдарында инновациялық іс-әрекеттің басым
бағыттары анықталды, әсіресе алдыңғы қатарлы озат іс-тәжірибенің мән-
мағынасын В.А.Кан-Калик, Ю.Н.Кулюткин, Г.С.Сухобская, Н.В.Кухарев,
Я.С.Турбовской, Ф.Ш.Терегулов, Л.М.Фридман, К.Н.Волков және т.б.
ғалымдар ашты және олардың негізгі түрлері нақтыланды: