72
- жаңалықты ендіруге дейінгі кезең: мұғалімнің зерттелетін (ендірілетін
жаңалыққа кәсіби дайындық деңгейі);
- инновациялық іс-әрекетті жүргізу уақыты (зерттеу экспериментін қою
кезінде мұғалімнің жеке түзетулері);
- жаңалықты ендіруден кейінгі кезең: эксперимент гипотезасы мен
алынған нәтижелерді салыстыру.
Инновациялық процестің осы кезеңдеріне байланысты инновациялық іс-
әрекеттің үш кезеңін атап көрсетуге болады. Бірінші кезеңде: мұғалім
жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы жаңалық туралы ақпарат жинайды,
одан кейін әртүрлі жаңалықтың ішінен қажетті жаңалықты тандап алып, оны
қолдану туралы шешім қабылдайды. Содан кейін, мұғалім инновациялық іс-
әрекеттің екінші кезеңіне өтеді, яғни іске асыру кезеңдерін зерттеп, енгізу
жоспарын құрып, жаңалықты қолданады. Бұл кезеңде мұғалім оқу-тәрбие
процесіне жаңалықты енгізуіне кедергі жасап отырған факторларды ескере
отырып, өзгерістер енгізеді, жаңалықты енгізу уақыты мерзіміне байланысты
жұмыстарды жүргізеді. Кейбір жағдайларда енгізген жаңалықтар іс-әрекеттің
бұрынғы жақтарына сүйене отырып, енгізілуі мүмкін. Бұл кезеңде мұғалім өз
іс-әрекетін талдау арқылы міндетті түрде бағалап және қажетті өзгерістер
енгізіп отырады. Жаңалықты енгізу уақыты аяқталғаннан кейін, инновациялық
іс-әрекеттің үшінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде мұғалім жаңашыл тұрғыда
ұйымдастырылған, оқу-тәрбие жұмысына талдау жасайды, оқу-тәрбие
жұмысының нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды, жаңалықтың
оқу-тәрбие жұмысына нәтижелі енгізу шарттарын белгілеп, оны таратуға
ұсынады.
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті 3 кезеңнен өтеді: жаңалық енгізуге
дейінгі алғашқы кезең; инновациялық іс-әрекеттің жүру кезеңі; педагогикалық
процеске жаңалықты енгізгеннен кейінгі соңғы кезең (21-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: