К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет90/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

2) Өзін-өзі бағыттау
: өзінің жеке тұлғалық, кәсіби мүмкіндіктерін және 
өзіндік тәжірибесін есепке ала отырып өз бағытын жобалау, оның тәсілдерін 
таңдай алу. 
3) Инновациялық өзгерістерді нақты енгізу (өз мүмкіндігін жүзеге 
асыру): 
- жаңа мақсат қоя білу; 
- өзгерістердің мазмұны мен мәнін анықтау; 
- күтілетін нәтижелерін нақтылау; 
- орындау үшін қажетті шарттарды белгілеу; 
- болуы мүмкін кедергілерді көре алу; 
- болуы мүмкін кері нәтижелерді болжай білу; 
- өзгерістердің нәтижесін талдау. 
4) Тәжірибелік жұмыс ұйымдастыру (өз жұмысына нақты өзгеріс 
енгізу): 
5) Жаңадан туындаған проблемалар мен бар мүмкіндіктерді саралай 
білу

Мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетке даярлығын педагогикалық 
инновациялық білімдер мен іскерліктер жүйесінің қалыптасуының тұтас 
процесі ретінде қарастыра отырып, мұғалімнің инновациялық даярлығы 
деңгейінің тұтас сипаттамасын беретін білім мен іскерліктердің өзара 
байланысын бейнелейтін критерийлердің кешенімен ажыратылады: 
1) педагогикалық инновациялық іс-әрекеттің мазмұндық, процессуалдық 
және мотивациялық-құндылық жақтарын игеру бірлігін бейнелейді; 
2)
білім мен іскерліктердің өзара байланысын бейнелейді (білім-
іскерліктің теориялық негізі, іскерлік-білімнің әрекет ету формасы); 
3)
өзіндік білім мен іскерлік сапасының әртүрлі сипаттамаларын 
біріктіреді; 


69 
4)
білім мен іскерліктердің динамикалығын бейнелейді (әртүрлі 
жағдайда қолдану); 
5)
мұғалімнің танымдық және практикалық іс-әрекеттерінің бірлігі мен 
өзара байланысын көрсетеді. 
Педагогикалық инновациялық білім мен іскерліктердің жүйесін 
қалыптастыру процесінің қозғаушы күші – педагогикалық инновациялық 
теория 
мен 
педагогикалық 
инновациялық 
іс-әрекетті 
қажетсінуде, 
мұғалімдердің оқыту мен тәрбиелеу саласындағы жаңа идея мен келісімдерді
ұсыныс мен ережелерді игеруге деген қызығушылығында. 
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығының критерийлері 
мұғалімді берілген іс-әрекетке дайындау жұмысында олардың инновациялық 
білімдері мен іскерліктері көрініс табады. 
Педагогикадағы инновациялық білім жүйелілігінің көрсеткіштері:
- жаңа педагогикалық тұжырымдама, идея, келісім, заңдылық, ұстаным 
мен ережелер және олардың әдіснамасы мен әдістемесін игеру дәрежесі;
- жаңа идея мен ережелерді оқу-тәрбие процесіне енгізуді ұйымдастыру 
тәсілдерін теориялық ойластыру дәрежесі;
- білім беру жүйесіндегі жаңа теориялық тұжырымдама, идея, келісім 
және заңдылықтармен әрекет ету, оларды практикада пайдалану деңгейі, жаңа 
педагогикалық білімге қызығушылықтың даму дәрежесі (19-сурет). 
Осындай 
педагогикалық 
бағыттылықтың 
жалпы 
көрсеткіштері 
адамдардың барлық тобына тән, шығармашылықпен еңбек ететін мұғалімдер 
жаңа қасиеттерге ие болады: күрделі әдістемелік немесе технологиялық 
мәселелердің шешімін іздеу бағыттылығы; оқу-тәрбие процесінің үздіксіз 
сапалы жаңаруына деген мұқтаждық; жаңа идеялар мен тәсілдерге деген 
инновациялық тәжірибе мен оны өз еңбегінде жүзеге асыруға деген талпыныс 
мүддесі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет