К. Д. Бузаубакова



Pdf көрінісі
бет94/474
Дата16.02.2022
өлшемі7,89 Mb.
#132119
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   474
Байланысты:
Bilim Beru Menedjment

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет -20. Оқу-тәрбие процесіндегі инновациялық іс-әрекет 
Жеке мұғалімдердің іс-тәжірибесіне қатысты алынған мәліметтерді
нәтижелерді 
көпшілік 
қауымның, 
бүкіл 
педагогикалық 
ұжымның 
шығармашылық инновациялық іс-әрекетінің жалпы заңдылықтарын жасауға 
пайдалануға болады. 
Жаңалық, жаңашылдық және жаңалықты ендіру: дамудың 
ерекшеліктері 
мен 
кезеңдері. 
Жаңалықты 
басқарудағы 
тиімді 
технологиялар (модерация, жобалау және т.б.) 
Ғалымдардың 
зерттеулері 
бойынша 
инновациялық 
іс-әрекет 
диагностикасы 3 кезеңде өтеді: 
Сыртқы 
факторлар 
Ішкі 
факторлар 
Жа
ңа
лықт
ар
Мазмұны 
Ұйым 
Қ
ызығ
уш
ылық
Өз
ге
ріст
ер
енг
ізу
Жа
ңа
лықт
ар
нә
тижес
і
Оқу- тәрбие процесінің 
сапалылығы 
Жаңалықтың нәтижесіне 
ықпал ететін факторлар 


72 
- жаңалықты ендіруге дейінгі кезең: мұғалімнің зерттелетін (ендірілетін 
жаңалыққа кәсіби дайындық деңгейі); 
- инновациялық іс-әрекетті жүргізу уақыты (зерттеу экспериментін қою 
кезінде мұғалімнің жеке түзетулері); 
- жаңалықты ендіруден кейінгі кезең: эксперимент гипотезасы мен 
алынған нәтижелерді салыстыру. 
Инновациялық процестің осы кезеңдеріне байланысты инновациялық іс-
әрекеттің үш кезеңін атап көрсетуге болады. Бірінші кезеңде: мұғалім 
жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы жаңалық туралы ақпарат жинайды
одан кейін әртүрлі жаңалықтың ішінен қажетті жаңалықты тандап алып, оны 
қолдану туралы шешім қабылдайды. Содан кейін, мұғалім инновациялық іс-
әрекеттің екінші кезеңіне өтеді, яғни іске асыру кезеңдерін зерттеп, енгізу 
жоспарын құрып, жаңалықты қолданады. Бұл кезеңде мұғалім оқу-тәрбие 
процесіне жаңалықты енгізуіне кедергі жасап отырған факторларды ескере 
отырып, өзгерістер енгізеді, жаңалықты енгізу уақыты мерзіміне байланысты 
жұмыстарды жүргізеді. Кейбір жағдайларда енгізген жаңалықтар іс-әрекеттің 
бұрынғы жақтарына сүйене отырып, енгізілуі мүмкін. Бұл кезеңде мұғалім өз 
іс-әрекетін талдау арқылы міндетті түрде бағалап және қажетті өзгерістер 
енгізіп отырады. Жаңалықты енгізу уақыты аяқталғаннан кейін, инновациялық 
іс-әрекеттің үшінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде мұғалім жаңашыл тұрғыда 
ұйымдастырылған, оқу-тәрбие жұмысына талдау жасайды, оқу-тәрбие 
жұмысының нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды, жаңалықтың 
оқу-тәрбие жұмысына нәтижелі енгізу шарттарын белгілеп, оны таратуға 
ұсынады. 
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті 3 кезеңнен өтеді: жаңалық енгізуге 
дейінгі алғашқы кезең; инновациялық іс-әрекеттің жүру кезеңі; педагогикалық 
процеске жаңалықты енгізгеннен кейінгі соңғы кезең (21-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет