Білім беру саласында педагогикалық экспериментін ұйымдастыру, оның өткізілу кезеңдерін айқындау
1.ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ЛОГИКАСЫ Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мәліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі және оның нәтижесі болып табылады.
Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткішері: зерттеу көкейкестілігі, зерттеу тақырыбы, мақсаты, нысаны, пәні, ғылыми жаңалығы, зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы. Зерттеу бағдарламасы, екі бөлімнен тұрады: әдіснамалық, іс - әрекеттік (орындау - процедуралық). Бірінші әдіснамалық бөлімде тақырыптің көкейкестілігі негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен пәні, мақсаты мен міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу нысаны бастапқы жүйелі талдауға салынып, зерттеу болжамы жасалады. Ал, екінші іс-әрекеттік бөлімде – зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті және негізгі шаралары жасалады.
Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мәні – оқу мен тәрбиенің теориясы және практикасын дамыту үшін тиісті проблемалардың қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіреді. Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мәселелердің жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның әлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қарама-қайшылықтарды ашады.