Сабақ жоспарлары соөЖ №1. Тақырыбы: «білім беру саласындағы зерттеулер және іс-әрекеттегі зерттеулер»



бет1/5
Дата08.10.2023
өлшемі73 Kb.
#184119
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
СОӨЖ Педагогика 2024
Ұлтымыздың ұлы ұстазы - Ахмет Байтұрсынов 145 жаста әдеби кеш, Реферат Тақырып «Түркілердің мәдени мұрасының еуропалық және ис-emirsaba.org, Б ж та ырып “ Б аралы а парат пен б аралы коммуникация, аз

ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ (СОӨЖ) ШЕҢБЕРІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ

СОӨЖ №1.
Тақырыбы: «БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ЗЕРТТЕУЛЕР».
Тапсырмалар:

  1. Тұлғаны дамыту, қалыптастыру факторларын ашып көрсететін жағдаяттарды таңдау және талдау.

  2. Білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік кезеңдерін ашып көрсететін кесте құрастыру.

Әдістемелік ұсыныстар: дәріс материалдары мен ұсынылған әдебиеттерді талдай отырып, берілген тапсырмалар бойынша кестелер жасаңыз, өз ойыңызды дәлелдеңіз.
Өткізу түрі: сауалнама, әңгімелесу, кестелер.


СӨЖ тапсырмасы:

  1. Педагогикалық сөздікті тақырып бойынша толықтыру (20 сөз).

  2. «Менің шыққан тегімнің жеке тұғалық сапаларымның қалыптасуына ықпалы» тақырыбына эссе жазу.

СӨЖ нысаны: өзіндік жұмыс
СӨЖ өткізу түрі: глоссарий және эссе жазу.
Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар: эссе 150 сөзден кем болмауы тиіс.
Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Педагогика /Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық университеті, педагогика кафедрасының авторлар ұжымы. Алматы, 2008.

  2. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 2003.

  3. Таубаева Ш, Иманбаева С.Т., Берікханова А.Е. Педагогика. Оқулық. - Алматы: «ОНОН». 2017. – 340 б.

  4. https://kerchtt.ru/kk/biologicheskie-i-socialnye-faktory-razvitiya-lichnosti-faktory/

  5. https://stom.tilimen.org/jeke-tlfani-damui.html


СОӨЖ №2
Тақырыбы: « «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСТЕГІ ТӘРБИЕ МАҚСАТТАРЫНЫҢ ӘРТҮРЛІЛІГІ МЕН ИЕРАРХИЯСЫ».
Тапсырма:
1. Тақырып бойынша педагогикалық үрдіс компонентерінің өзара байланыс тірек кестесін құрып, оның негізінде мектеп тәжірибесіндегі білім беру мақсаттарының әртүрлілігі мен иерархиясын сипаттайтын интеллект- карта құрастырып, қорғау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет