«Наука и образование в современных реалиях»



Pdf көрінісі
бет84/143
Дата19.02.2022
өлшемі2,78 Mb.
#132450
түріСборник
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   143
Байланысты:
6-.-

Ұзартылған үзілістегі дене жаттығулары
кей жағдайда ашық алаңда 
ӛткізіледі. 
Міндеттері: а) жҧмыс қабілеттілігін арттыру мақсатында оқу кҥні 
демалысты ҧйымдастыру; ә) ҧйымдасқан ҧжымдық жҧмысқа жағымды 
кӛзқарасты қалыптастыруға жәрдемдесу, белсенді демалыстың ӛзіндік 
формаларын ӛткізу дағдыларын және білім кӛлемін арттыру; б) саналы 
тәртіп дағдыларын қалыптастыру және шығармашылық белсенділікті 
дамытуға кӛмектесу. 
Дене шынықтыру-сауықтыру жҧмыстарында қозғалыс ойындары, 
қарапайым ойын-жарыстар (нәтижеге жету ҥшін орнынан ҧзындыққа қарғу, 
белгілі бір межеге лақтыру), т.б. жаттығушының таңдап алуы бойынша 
секіретін жіптермен, доптармен ойындық сипаттағы жаттығуларды дербес 
орындау, жоғары сыныптарда спорттық техника элементтерін пайдаланумен 
ӛткізілетін ойындар тиімді. Жаттығу мазмҧнының негізін оқу 
бағдарламасының ӛтілген материалдары қҧрауы керек. 
Жаттығу уақытының шектеуі және кӛпшілікті қамтитын сипаты оны 
ҧқыпты жоспарлауы және олардың мазмҧнының қолайлы болуын 
қамтамасыз етуге, жаттығу орнын уақтылы даярлауға және ӛткізуге 
жауапты адамдардың арасындағы міндеттердің дәл бӛлінуі қажеттілігіне 
негізделген. 
Дене шынықтыру-сауықтыру жҧмыстары ағзаның даму деңгейін 
арттыруға, денсаулықты нығайтып, шынықтыруға әсері мол. Оны 
ойдағыдай
ҧйымдастыру дене қабілеттілігін жан-жақты дамытып қана қоймай, 
кҥшті, тӛзімді, ақыл-ой белсенділігінің жоғары болуына, шыдамдылық пен 
нәтижелі еңбек етуге негіз болады. 
С. Тайжанов: ―Дене тәрбиесінің қҧрамды бӛлігі ретінде дене 
мҥмкіндіктерін тәрбиелеу әлеуметтік міндеттерді шешуге жәрдемдеседі: 
жан-жақты, жетілген адамды дамыту; әлеметтік-экологиялық жағдайға 
организмнің бейімділік қасиетін арттыру, организм тӛзімділігінің жоғары 
деңгейіне қол жеткізу. Ӛсіп келе жатқан жас ҧрпақтың денесін жетілдіруге 
бағытталған педагогикалық әсер ету кешеніне ене отырып, дене 
мҥмкіндіктерін тәрбиелеу дене және ақыл-ой еңбегін ҧйымдастыру дене 
қабілеттілігін жан-жақты дамытып қана қоймай, кҥшті, тӛзімді, ақыл-ой 
белсенділігінің жоғары болуына, шыдамдылық пен нәтижелі еңбек етуге 
негіз болады‖. 


234 
С. Тайжанов: ―Дене тәрбиесінің қҧрамды бӛлігі ретінде дене 
мҥмкіндіктерін тәрбиелеу әлеуметтік міндеттерді шешуге жәрдемдеседі: 
жан-жақты, жетілген адамды дамыту; әлеметтік-экологиялық жағдайға 
организмнің бейімділік қасиетін арттыру, организм тӛзімділігінің жоғары 
деңгейіне қол жеткізу. Ӛсіп келе жатқан жас ҧрпақтың денесін жетілдіруге 
бағытталған педагогикалық әсер ету кешеніне ене отырып, дене 
мҥмкіндіктерін тәрбиелеу дене және ақыл-ой жҧмыс қабілетін 
қалыптастырады, адамдардың шығармашылық кҥш-жігерін толық мәнінде 
кӛрсетуге әсер етеді‖. 
Дене мҥмкіндіктерінің бағытталуы және мазмҧны дене тәрбиесінің 
әлеуметтік қағидаларымен айқындалады. Қоғамның тарихи даму барысында 
қалыптасқан бҧл қағидалар балалардың дамуының практикалық негізін 
қалайды (қҧралдар, әдістер және педагогикалық әсер етуді ҧйымдастыру 
тҥрлерін іріктеп алу). Дене мҥмкіндіктерін тәрбиелеудің ҧйымдастырушы 
негізі – ―Қазақстан Республикасындағы халықтың дене тәрбиесі 
даярлығының Президенттік сынамаларындағы‖ сынақ тҥрлері мен 
нормативтерінде және ―Қазақстан Республикасында бҧқаралық спортты 
дамыту жӛніндегі шҧғыл шаралар‖ туралы Қазақстан Республикасы 
Президентінің 1995 жылғы 24 қарашадағы № 1593 қаулысында кӛрсетілген 
тиісті талаптар болып табылады. Әлеуметтік тапсырыс кӛрініс есебінде 
Президенттік сынамалар дене мҥмкіндіктерін тәрбиелеудің кезеңдерін 
анықтайды, әр тҥрлі жас кезеңінде тапсырыстардың қажеттігі деңгейін және 
оларды жҥзеге асырудың жолдарын белгілейді. 
Сӛйтіп, дене мҥмкіндіктерінің әлеуметтік шарттылығы мыналардан 
тҧрады: 
-дене мҥмкіндіктерінің жоғары деңгейіне ие болған және еңбек 
қызметін жҥзеге асыруға дайындығы бар, денесі жан-жақты дамыған 
азаматтармен қоғам қажеттілігін қанағаттандырудан; 
-педагогикалық 
процестің әдістемелік негізін және бағытын 
анықтайтын дене тәрбиесінің әлеуметтік принциптеріне бағынудан; 
- әлеуметтік сҧранысқа дене мҥмкіндіктері деңгейінің сәйкестігін 
ҥйлестіретін Президенттік сынамалардың әлеуметтік талаптарының 
болуынан кӛрінеді. 
П.Ф. Лесгафт дене мҥшелерінің әртҥрлі қозғалыстарын талдау мен 
оларды ӛзара салыстыруға мҥмкіндік беретін уақыт пен кеңістік арқылы 
ғана қабылдаумен балаларды ҥйретуге болатындығын сенімді тҥрде 
дәлелдеді. Әрине, қозғалыс қимылдарына оқушыларды табысты тҥрде 
ҥйретудің басты шарттарының бірі – қозғалыс анализаторының дамуына 
себепкер болатын және уақыт, кеңістік пен бҧлшық еттердің кҥш жҧмсау 
дәрежесі бойынша орындалатын қозғалыстарды басқару біліктілігімен 
тығыз байланыстағы қозғалыстарды басқару қабілеттілігін оларда тәрбиелеу 
керек екендігі тҥсінікті. 
Қозғалысты басқару мҥмкіндігі туралы айта отырып, И.П. Павлов 
адам ӛз қимылының әрбір сәтін сезбейтін болса, онда оларды басқара да 
алмайды деп атап кӛрсетті . 


235 
Н. Қонысбаевтың пікірінше, ҥйлесімділігі жӛнінен кҥрделі 
қозғалыстарды адамның орындауы, оларды басқара отырып, бір 
қозғалыстан екіншісіне ауысу, қоршаған ортаның ӛзгермелі жағдайларына 
сәйкес жаңа қозғалыс-қимылдарды жылдам жасау қабілеттілігі – бҧлардың 
бәрі де биологиялық және педагогикалық факторларға негізделген қозғалыс 
қызметтерінің қасиеттері. 
Биологиялық 
фактор 
балалар 
мен 
жеткіншектердің 
жас 
ерекшеліктерімен байланысты, оның әсері елеулі тҥрде олардың қозғалыс 
қызметтеріне әсер етеді. Оның биологиялық дамуына қозғалыс 
анализаторының жетілуі, ҥлкен жарты шар қабығындағы және жҥйке-ет 
аппаратының жасқа байланысты ерекшеліктері (олардың функционалдық 
мҥмкіншіліктері); биологиялық жағынан кемелденуі (жыныстық жетілу); 
акселерация қҧбылысы; дененің дамуы себепкер болады. Биологиялық 
фактордың барлық бӛлшектерін физиологтар, гигиена, морфология 
саласындағы ғалымдар зерттеуде; біздер, ҧстаздар осыларды ескере отырып, 
олардың кӛрініс беруіне сай іс-әрекет жасауымыз қажет. 
Алайда, қозғалыстың жетілуі қозғалыс қызметінің белсенділігінің 
тәртібімен де (режиммен де) байланысты. Ақырында, қозғалыс қызметтерін 
қалыптастыру мен жетілдіру негізгі шарттарды сақтаған жағдайда ғана 
педагогикалық әсер ету жолымен шешіледі. 
Бірінші шарт – қозғалыс әрекеттеріне ҥйрету. Оқушылардың қозғалыс 
тәжірибесі кӛп болған сайын, оларда жаңа қозғалыс-қимыл тҥрлері 
жылдамырақ қалыптасады. Ақырында негізгі гимнастиканың ойындарын, 
жҥзуді, шаңғымен жҥруді, сауықтыру жаттығуларды енгізе отырып, 
оқушыларды кең кӛлемде бағдарламамен оқыту қозғалыс функцияларының 
қалыптасуына себепкер болады.
Екінші шарт – дене қасиеттерін дамыту. Олардың дамуы қаншалықты 
жоғары болса, қозғалыс дағдылары да соншалықты табысты, нәтижесінде 
қозғалыс әрекеттері де қалыптасады. 6-7 жастағы балалардың жеке қозғалыс 
жылдамдылығына, иілгіштігіне, икемділігіне, бҧлшық еттерінің тҧрақты 
кҥшіне, 8-10 жастағылардың жылдамдығына, икемділігіне, дене бҧлшық 
еттерінің тҧрақты кҥшіне, 14-16 жастағылардың ең жоғарғы кҥш деңгейі 
мен шыдамдылығына назар аудара отырып, барлық дене қасиеттерін 
бірқалыпты дамыту қажет. 
Ҥшінші шарт (ең маңыздысы) – бҧлшық ет кҥшін жҧмсау мен уақыт 
бойынша жасалған қозғалысты дәл бағалай білу біліктілігіне ҥйрету. 
Осы шарттарды жҥзеге асыру мҧғалімнің қызметіне байланысты. 
Қозғалыс әрекеттеріне ҥйрету барысында педагогикалық әсер етудің барлық 
шарттары ӛзара бірігіп іс-әрекет етеді, ӛйткені қозғалыс функцияларының 
кӛрсеткіштері қозғалыс дағдыларын қалыптастыру болып табылады. 
Олардың қайсы бірін елемеу, ҥйрету барысын кідірту немесе кҥрделендіруі 
мҥмкін. Дегенменде, ҥшінші шарттың ерекше орын алатындығын естен 
шығаруға болмайды. 
Қозғалыстың дәлдігі мен ҥйлесімділігі бҧлшық ет сезінуінің жақсы 
дамуымен қамтамасыз етіледі. Ол дене жаттығуларының кӛмегімен арнайы 


236 
ҥйреткен жағдайда ғана жетілдіруге болатын қозғалыс анализаторлары 
қызметінің нәтижесі болып табылады. 
Дене жаттығулары арқылы оқушылардың оқу процесіндегі дене және 
ақыл-ой жҥктемесін азайтып, еңбекке қабілеттілігін арттыру маңызды 
мәселе деп есептейміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет