Аналитические материалы по содержанию и организации курсов по выбору



Pdf көрінісі
бет12/94
Дата24.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#133145
түріАналитические материалы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   94
Байланысты:
авторлык багдарламалар

2
 
 ҚР Білім және ғылым министрлігімен ұсынылған таңдау курстары 
мазмұны мен ұйымдастырылуының талдамасы
 
Қазіргі кезде республиканың жалпы білім беретін ұйымдарында Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің міндетті оқуға ұсынған 
таңдауы бойынша курстары оқытылады, олар:
– «Абайтану» – 9-11 сыныптар;
– «Дінтану негіздері» – 9-сынып;
– «Өлкетану» – 7-сынып.
9-11-сыныптарға арналған «Абайтану» курсы таңдау пәнінің бағдарламасы 
2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы 
идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға 
арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 41 және 42- тармақтарына 
сәйкес әзірленді. «Абайтану» курсы оқу бағдарламасы ҚР Білім және ғылым 
министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген және 2013-
2014 оқу жылында мектептердің оқу үдерісіне енгізілді.
Жалпы білім беретін мектептердің 9-11-сыныптарына арналған 
«Абайтану» курсы таңдау пәнінің жылдық оқу бағдарламасына 34 сағат 
бөлінген. Оның 31 сағаты бағдарламадағы материалдарды оқуға, 2 сағаты 
шығармашылық жұмыстарды орындауға, 1 сағаты оқушылардың пән бойынша 
алған білімдерін жүйелі түрде қорытындылауға беріледі.
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы 
маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайды тану, бағалау, насихаттау, 
оқыту қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызары анық. Сондықтан заман, 
уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың 
байламдар жасау, ақынның мұрат-мақсаттарын бүгінгі жастарымыздың 
санасына сіңіру абыройлы борышымыз болмақ.
Келер ұрпақты елін, жерін сүйетін елжанды, отансүйгіш етіп тәрбиелеу 
міндеті білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып 
табылады.
«Абайтану курсының негізгі мақсаты – Абай Құнанбайұлының қазақ 
әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын, ақындық әлемін, өлең 
өнеріндегі қайталанбас өзгешелігін, ойшыл, кемеңгерлігін танытуға 
бағытталған.
Курсты оқытудың міндеттері:
– қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану;
– Абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға 
концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау;
– Абайдың шығыс пен батыс әдебиетін терең меңгеруінің мәні мен 
маңызын жан-жақты ашу;
– ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ 
әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;
– ақын шығармаларындағы ғылым, білім, ақындық өнер, елдік 
мәселелердің маңыздылығын түсіндіру;


17 
– Абай шығармаларын оқып-білудің өзектілігін, Абайтану ғылымының 
мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру;
– қазіргі Абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, 
жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету; 
– Абай шығармашылығындағы толық адам тұжырымын айқындау;
– Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық 
ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту;
Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде 
пайымдау;
– ақын қарасөздерінің, өлеңдерінің, поэмаларының, аудармаларының, ән 
мен күйлерінің мазмұны адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, 
әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге 
ету» [13].
«Абайтану» курсы ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби 
мектебі, Абайтану мәселелері, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, 
поэмалары және поэзияға қойған биік мақсаттары топтастырылып берілді. 
Абайдың шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен 
жете танысуы, оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, 
поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғанын шәкірттердің 
санасына жеткізу. Абайдың әдеби мұрасы дүниежүзі халықтары әдебиетінің 
алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін жас буын ұрпаққа үлгі-
өнеге ету. Мектеп оқушыларына Абай шығармашылығының ұлттық 
әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын жан-жақты 
саралай отырып терең ғылыми негізде ұғындыру. Абайтанудың тарихи, 
ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуге баулу.
9-сыныпта жас ерекшеліктеріне қарай берілген Абай шығармаларының 
мазмұны 10-11-сыныптың «Абайтану» курсының оқу бағдарламасында
 
кеңейтіліп, спираль тәріздес дамытылып берілген. 9-сыныпта Абайдың өмірі, 
Абай ақындығының бастаулары, Абай шығармаларындағы шығыстық 
сарындар, Абай және орыс, батыс әдебиеті, Абай мұрасының орыс және өзге 
тілдерде танылуы, Абайтану мәселелері, Абай шығармаларындағы ғылым, 
білім тақырыбы, Абай танымындағы ән мен күй, поэмалары берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет