Аналитические материалы по содержанию и организации курсов по выбору



Pdf көрінісі
бет9/94
Дата24.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#133145
түріАналитические материалы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   94
Байланысты:
авторлык багдарламалар

Жапониядағы
орта мектеп – бұл (7-9 сыныптар) тюгакко. Жалпы орта 
білім толық емес 3 жыл мерзімге (І-кезең) және толық үш жылдық (ІІ-кезең) 
сатыларға бөлінеді. Орта мектептер жалпы білім беру, мамандандырылған және 
аралас типтерге бөлінеді. Ақыл-ой және дене дамуы кеміс балаларға арналған 
мектептер желілері де бар.
Орта мектептің төменгі сатысында (12-15 жастағы балалар үшін) оқу 
жоспары міндетті пәндер мен таңдау бойынша пәндерден тұрады. Міндетті 
пәндер: жапон тілі, математика, қоғамтану, жаратылыстану, мораль, музыка, 
бейнелеу өнері, дене шынықтыру, техника, үй шаруашылығы. Таңдау бойынша 
пәндер: шет тілі, музыка, дене шынықтыру, өнердің қосымша курстары. 
Апталық жүктеме 29-30 сағатты құрайды. Оқушылар су және ауыл 
шаруашылығы, өнеркәсіп, сауда және балық шаруашылығымен таныса отырып, 
практикалық қызметке дайындалады.
Бүгінгі күні жапон мектептерінің оқу жоспарларында химия, физика, 
биология, география, тарихтың жүйелі курстары жоқ. Олардың орнына 
жаратылыстану мен қоғамтанудың синтетикалық курстары оқытылады, алайда 
оларға тән эклетика мен жүйесіз сұрыптау білім берудің деңгейінің төмендеуіне 
алып келді, сондықтан жаңа бағдарламаларда аталған пәндерді саралап оқыту 
көзделген.
Жоғары мектеп – бұл (10–12 сыныптар) котогакко. Орта мектептен жоғары 
мектепке өту емтихандардың нәтижесі бойынша жүзеге асырылады. Өзінің 
мектептегі үлгерімінің негізінде алдымен оқушылар түсуге мүмкіндігі бар 
жоғары мектептердің тізімін алады. Содан соң өту емтиханын тапсырады және 
оның нәтижелері мен бұрынғы үлгерімінің негізінде оқушының қандай жоғары 
мектепке түсетіні туралы мәселе шешіледі.
Орта білімнің екінші сатысы (3 жыл) котогакка міндетті емес, алайда 
сәйкес жас топтарының шамамен 97 % қамтиды. Котогаккода екі бөлім бар: 
жалпы білім беру (гуманитарлық және жаратылыстану ғылыми бағыттарына 
бөлінеді) және кәсіптік (техникалық, ауылшаруашылығы, коммерциялық, үй 
шаруашылығы бағыты және теңіз кәсіпшілігі). Жастардың 36% оқуын 
университеттер мен колледждерде жалғастырады, ал 12% арнайы оқу 
орындарында жоғары білім алады. Формалды білім жас жапондыққа тек 
қажетті білім мен дағдының тек жартысын ғана беретінін атап өту керек. 
Екінші жартысын ол өз бетінше немесе оны жалдаған кәсіпорында өтуі тиіс 
кәсіби дайындық құрайды.
Жоғары саты жалпы білім беру және кәсіптік бөлімдерге бөлінеді. 
Біріншісі жоғары оқу орнына түсуге дайындыққа (академиялық бөлім), екіншісі 
осымен өзінің білімін шектеуге арналған оқушыларға арналған. Бөлім және 
топтарына қарамастан барлық оқушылар жапон тілі, қоғамтану, математика, 
жаратылыстану, классикалық әдебиет, саясиэкономия, физика, химия, дене 
шынықтыру, бейнелеу өнері міндетті пәндерін оқиды. Бұдан басқа ұсынылатын 
міндетті пәндердің бірі – музыка, көркем өнер, еңбек каллиграфия, қыздар үшін 
– үй шаруашылығы, жігіттер үшін техника (өндіріс негізі). Апталық жүктеме – 
34-36 оқу сағатын құрайды.


13 
Кәсіптік бөлімде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, комммерциялық қызмет, 
су шаруашылығы, балық шаруашылығы - бес топтың бірін таңдай отырып, 
оқушылар 30 сынақтық бірлік (1 бірлік – 35 оқу сағатына тең) көлемінде таңдау 
бойынша пәндерді игереді. Коммерциямен айналысқысы келетіндер саны көп. 
Барлық топтардың (коммерциялықтан басқа) сондай-ақ тар көлемді 
мамандануы бар, мысалы, ауыл шаруашылығында бұл егін шаруашылығы, мал 
шаруашылығы. Бұдан басқа аптасына бір сағат қоғамдық қызметке жұмсалады.
Жалпы, Жапонияда әртүрлі бағыттар бойынша 90-нан астам бағдарлама 
бар, бірақ әрбір мектепте оларды таңдау екі-үшеуімен шектеледі [9].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет