Аналитические материалы по содержанию и организации курсов по выбору



Pdf көрінісі
бет20/94
Дата24.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#133145
түріАналитические материалы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   94
Байланысты:
авторлык багдарламалар

№ 
Классы
Тақырып атаулары

5-6 
Логикалық есептерді шешу

7-9 
Стандартты емес есептер шығару
Күрделілігі жоғары есептер шығару

10-11 
Теңдеулер және теңсіздіктер
Есептерді шығарудың тиімді тәсілдері
Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуда математиканың рөлі зор. 
Математика пәнінде абстракция деңгейі басым, сондықтан логикалық ойлаудың 
алғашқы тәсілдерін меңгеру (талдау, салыстыру, синтез жасау, абстракциялау 


33 
және басқалар) бастауыш буыннан бастап қалана бастайды.
Таңдауы курстарының тақырыптарын таңдау білім беру деңгейлерінің 
үзіліксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз етуі тиіс. Демек, көптеген 
мектептердің 5-6-сыныптарға арналған курстың «Логикалық есептерді шығару» 
тақырыбын таңдауы заңды болып табылады. Осындай тақырып бойынша 
курстар республиканың жалпы білім беретін мектептерінің барлығында дерлік 
жүргізіледі.
Сонымен қатар, 5-6 сыныптарда «Қызықты математика», «Сандар әлемі», 
«Логика», «Логиканың көмегімен есептерді шешу практикумы» және т.б. 
курстар өткізіледі. Мұндай курстарда оқушылар пайымдау және қарапайым 
дәлелдеулер жүргізеді, орындалған амалдарға негіздеме береді, негізгі 
логикалық амалдардың орындалуының дұрыстығын түсінеді. Осы курстарда 
оқушылардың 
интеллектуалды 
іс-әрекеттері 
күшейеді, 
оқушылардың 
танымдық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдайлар жасалады.
Сонымен қатар, математикадан таңдау курстары тақырыптарының 
жалғасы ретінде республика мектептерінің 7-9-сыныптарында «Стандартты 
емес есептер шығару», «Күрделілігі жоғары есептер шығару» атты қолданбалы 
курстары жүргізіледі.
Таңдау курстарының бұл тақырыптары өзін-өзі ақтаған, себебі стандартты 
емес есептерді шығару оқушылардан есептің шартын талдауға баса назар 
аударуды және өзара байланысты логикалық ойлау тізбегін құруды талап етеді. 
Мұндай курстарда пән бойынша оқушылардың құзыреттілігі, математикалық 
ойлауы дамиды; оқушылар күрделілігі міндетті деңгейімен салыстырғанда 
күрделілігі жоғарырақ есептерді шығару біліктігіне жетеді, өз ойларын сауатты 
жеткізе білуге, есептеудің тиімді тәсілдерін қолдануды, түрлі шығару тәсілдері 
мен әдістерін пайдалануды үйренеді.
10-11 сыныптарда «Теңдеулер және теңсіздіктер», «Көрнекі геометрия», 
«Есептерді шығарудың тиімді тәсілдері», «Дифференциалды және интегралды 
есептеулер», «Қолданбалы математика элементері» және т.б. курстар өтізіледі. 
Мұндай курстарда оқушылар теңдеулер мен теңсіздіктерді, оның ішінде 
айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген және параметрі бар теңдеулер 
мен теңсіздіктерді шешудің, функция графиктерін салудың түрлі әдістерін 
қарастырады, есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу дағдыларын 
дамытады. Бұл білім мен біліктер ҰБТ-ге дайындалуға және тапсыруға 
көмектеседі.
Таңдау курстарының тақырыптары мектептегі математика курстарының 
тақырыптарын ғана емес, сонымен қатар оқушылардың зерттеушілік іс-
әрекеттеріне байланысты сұрақтарды да қамтиды.
Мысалы, Петропавловск қаласының КММ «№26 мектеп-балабақшасында» 
мұғалім К.Ж. Айтмұханова құрастырған «Зерттеушілік іс-әрекеттің негіздері» 
курсы жүргізіледі. Курстың мақсаты – зерттеу жұмыстарын жүргізгенде, түрлі 
конференциялар мен сайыстарда сөз сөйлегенде (презентацияларда) 
оқушыларға әдістемелік қолдау көрсету. Курс 34 сағатқа есептелген, оның 
мазмұны ғылыми-зерттеу процесінің барлығын қамтиды және логикалық 


34 
аяқталған 5 бөліктен тұрады: 1) Кіріспе; 2) Ғылыми шығармашылықтың 
әдіснамасы; 3) Ғылыми зерттеулер аясындағы жұмыс кезеңдері; 4) Зерттеу 
жұмыстарын безендіру; 5) Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұсыну 
(2-кесте).
2-кесте – Курстың күнтізбелік-тақырыптық жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет