36
тағдырым», «Туған жер», «Қазақстан табиғаты», «Қазақстанның экологиялық
жағдайы», «Жергілікті жердің топографиясы» және т.б.
Облыстардан
жинақталған деректерге сүйенетін болсақ, Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігінің міндетті оқуға ұсынған «Өлкетану» курсы еліміздің
жалпы білім беретін мектептерінің барлық деңгейлерінде оқытылады. Өлкені
тануға арналған курстардың тақырыптарын: туған жердің табиғаты; ерекше
қорғалатын аумақтар;
өз облысының географиясы; облыстың экологиялық
жағдайы; туған жер суларының экологиясы деп топтастыруға болады.
Курстардың келесі тобы: «Ғаламдық география», «Геология негіздері»,
«Дүниежүзінің
саяси
картасы»,
«Әлем
экологиясының
ғаламдық
проблемалары», «Дүние жүзі елдері», «Дүниежүзінің жалпы сипаттамасы» т.б.,
бұл тақырыптар негізінен жоғары сыныптарда оқытылады және география
пәнінің оқу бағдарламасының мазмұнын толықтырады. «Ұлы саяхатшылар»,
«Ұлы географиялық ашылулар», «Шоқанның саяхат жолдары», «Географиялық
қабықтар», «Ғажайыптар мен жұмбақтар планетасы», «Таңғажайып география»,
«География әлемінде» тақырыптары оқушылардың бойында білімқұмарлық
сезімін оятуға бағытталған және негізгі орта білім деңгейіндегі география,
биология, физика, химия, тарих, әдебиет пәндерінен алған білімдерін
тереңдетуге бағытталған.
Таңдау курстары мазмұнының ерекшеліктеріне және мақсатына қарай:
– мектептегі география курсының мазмұнын тереңдететін және кеңейтетін,
емтихандарға, тестілеулерге
дайындайтын курстар;
– география курсын оқу барысында білімді тереңдетуге бағытталған, яғни
күрделілік деңгейі жоғары курстар;
– негізгі курстың міндетті бағдарламасының құрамына кіретін жекелеген
бөлімдерді тереңдетіп оқыту курстары;
– табиғат пен қоғамды танудың тәсілдерін үйренуге арналған курстар;
– географиялық есептерді шығаруға, болжауға,
модельдеуге арналған
курстар;
– оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға, техника мен
өндіріске деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған курстар.
Қазақстан
Республикасы
облыстарының
жалпы
білім
беретін
мектептерінде оқытылатын география пәні бойынша және «Өлкетану» таңдау
курстарының талдауы, курстар саны жағынан айырмашылығының бар екен
көрсетті (3-кесте).
Сонымен Қазақстанның 7222 мектебінде 8384 географиялық таңдау
курстары жүргізілетінін байқауға болады. Олардың 4983-і негізгі және 3401-і
жалпы орта мектептерде.
Берілген мәліметтер бойынша таңдауы бойынша курстардың неғұрлым көп
саны Астана қаласына тиесілі: бір мектепте жүргізілетін курс саны 4 есеге
жуық. Сонымен қатар Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда
облыстарында курстардың көптеген түрлері жүргізіледі.
Негізгі орта білім деңгейінде оқу процесіне енгізілген таңдау курстарының
саны
жағынан Астана қаласы, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Ақтөбе
37
облыстарын атап өтуге болады.
3-кесте – Облыстар бойынша «География» пәні және «Өлкетану» курстарының
саны
Достарыңызбен бөлісу: