1 Әлемдік білім беру тәжірибесіндегі таңдау курстары
Бүгінгі күні әлемнің көптеген дамыған елдерінде білім беру реформалары
жүргізілуде. ХХІ ғасырда ақпараттық-технологиялық қоғамда мемлекеттердің
бәсекелестігінде білім, ғылым және мәдениет деңгейі, жаңашыл технологияны
дамыту және жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау айқындайтыны белгілі. Бұл
ретте маңызды рөл оқытудың бейіндік жіктеу мәселесіне бөлініп отыр [1].
Еуропа елдерінде (Франция, Нидерланды, Ұлыбритания, Швеция,
Финляндия, Норвегия, Исландия, Дания) негізгі жалпы білім беру
мектептерінің 1-6 сыныптар аралығындағы барлық оқушылар формальды
бірдей білім алады. 7-сыныптан бастап оқушы өзінің таңдауын жасауы керек.
Әр оқушыға негізгі мектепте білімін жалғастыру үшін екі нұсқа ұсынылады:
біріншісі ары қарай жоғары білімге жол ашатын «академиялық» нұсқа және
екіншісі негізінен қолданбалы және бейіндік пәндерден, таңдау бойынша
курстардан тұратын жеңілдетілген оқу жоспары бойынша оқытылатын «кәсіби»
нұсқа ұсынылады [2].
Достарыңызбен бөлісу: |