А Л Ғ Ы С Ө З ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ - қазақ тілінің әр жақтары (дыбыс
жүйесі мен сөздік құрамын, грамматикалық құрылымы) мен
салаларын (фонетика, лексикология, грамматика) олардың да-
муын, оз ара байланысын, ішкі заңдылықтарын жан-жақты
зерттейтін ғылым саласы. Қазіргі қазақ тілі — саяси, ғылыми
көркем әдебиет, публицистика, күнделікті радио мен теледи-
дар хабарларында қолданылып жүрген Қазақстан Республика-
сының мемлекеттік тілі.
Қазақ тілінің өсуі мен дамуын қазақ тіл білімі түрғысынан
ғана емес, жалпы түркология ғылымы түрғысынан алып
қарағанда, шығып жатқан ғылыми еңбектерінің саны жағынан
болсын, жаңа әдістерді қолдану, ғылыми проблемаларды шешу,
мамандар даярлау жағынан болсын, әлемдік түркологияда
алдыңғы қатарға шықты.
Тіл білімінің жаңа саласы статистика, қолданбалы лингвис-
тика әдістерін түркология ғылымында алғаш қолданған да
Қазақстан ғалымдары болатын.
Бүгінгі кезде үлттық тілге деген сүраныстың көптігіне бай-
ланысты осы еңбекті шығару ісі қолға алынды.
Сіздердің қолдарьгңызға тиген «Қазақ тіл білімінің
антологиясы» атты сериялық басылым үлттық тілдің дамуына
мол үлес қосқан ғалымдардың еңбектерін белгілі жүйемен топ-
тастыруды жөн көрдік.
Қазақ тіл білімі антологиясының басты мақсаты -
классикалық үлгідегі жазылған ғылыми еңбектердің, тілдік
зерттеулердің,
ғылыми
ой-түжырымдардың
көрсеткішін
кейінгі жас ғалымдарға, үрпағымызға үлгі ету. Талдаудың,
пайымдаудың, дәлелдеудің сан қырлы төсілдеріне бойлатудың
нақты мүмкіндігін үсыну.
Қай елдің болмасын рухани мүрасын танып - талдаудың,
бағалаудың ғылыми қалыптасқан шарттары бар. Мүндағы
3
ғылыми ізденістер осы талаптардың биігінен көріне алған.
Қазақ тіл ғылымындағы жетекші ойлар — тіл салаларының
барлық бастау көзінің бұлағы.
Бұл антолоғияны құрайтын ғалымдардың еңбектері қазіргі
кезде кітапханалардың сирек қорларьгада өте аз әрі санаулы
болғандықтан және кейбіреулері тіпті жетіспейтіндіктен қайта
жинақтап, жариялату ісі қолға алынды.