§ 3. С Ө ЗД ІҢ Л Е К С И К А Л Ы Қ М А Е Ы Н А С Ы
Сөйтіп, айналадағы заттар мен қүбылыстардың біздің са-
намызда бейнеленуінің нәтижесінде пайда болатын үғымы
сөздің білдіретін ішкі мазмүны яғни мағынасы болып табыла-
ды. Сөздің осындай әуелдегі (о бастағы) негізгі тура мағынасы
14
лексикал ы қ мағына деп аталады. Сөздің лексикалық мағынасы
Щ
ол сөздің жеке тұрғандағы қалпынан да, яғни сөйлем ішінде
емес, бөлек тұрғаньгада да, көрініп отырады. Өйткені сөздің бұл
(лексикалық) мағынасы талай рет қолданылудың нөтижесінде
санамызда әоден қалыптасқан, ол сол тілдің сөздік құрамына
еніп, семантикалық шеңбері анықталған. Сондықтан да ешбір
контекссіз-ақ ол (сөз) сөздіктерде (мысалы, тұсіндірме сөздік,
екі тілді сөздік, т. б.) реестр сөз ретінде жеке беріліп, мағынасы
көрсетіледі. Сондықтан да тілдегі кейбір сөздердің мағыналары
кейде бір-бірімен жақын болуы мүмкін, бірақ толық бірдей бола
алмайды, тілдегі әрбір сөздің өзінше бөлек-бөлек лексикалық
мағьшасы болады. Әрине, сөздің лексикалық мағынасы сол сөз
білдіретін зат, құбылыстың белгілі бір қасиетіне я қасиеттеріне
негізделіп, ол сөз аталғанда, санамызда сол қасиеттер
мағынаның басты көрсеткіштері, мәндері ретінде көрінеді.
Сұрақ. Сонда лексикалық мағьша сөздердің нақты тура
мағынасы ғана ма? Бір сөзде бір ғана лексикалық мағына
бола ма?
Жауап. Сөздің лексикалық мағынасына, ең алдымен оның
нақты тура мағынасы жатады. Айталық, көл, құс, тау, үй,
көк, биік, үш, бес, келу, жүру сияқты сөздердің лексикалық
яғни нақты мағынасы: табиғи су қоймасы, үстін қауырсын
жапқан үшып жүретін жануар (мақүлық), жердің әр түрлі та-
стар арқылы биік болып қалыптасуы, адамның түратьга баспа-
насы, бір заттың нақты түсі (көк), бір заттың жоғарыға қарай
сьгадық сипаты, заттардың нақты сандары (үш, бес), сөйлеушіге
қарай беттеу қимылы, нақты қозғалу қимылы немесе бір
жаққа аттану қимылы. Сонымен бірге бір сөз осындай нақты
тура мағынамен бірге басқа да мағыналарды білдіріп, ауыс,
келтірінді мағыналарда да жүмсала береді. Мысалы, айыру
етістігі, ең алдымен, дыр еткізіп жырту және қақ жару, екіге
бөлу мағыналарын білдіреді. Бүл — етістіктің тура мағыналары.
Сонымен бірге айыру етістігі бөліп шығару (қаймақтан майды
15
айыру), ажырату (ешкімді айырып болмайды), жер жырту, тілу
(жерді тайыз айырады), адамдар әсіресе туыстар, көңілі жақын
адамдардың қарым-қатынасы үзілуі, ажырауы (досынан айы-
ру, ағайынынан айырды), арашалау, қүтқару (бишара шалды
үрылардан айырып алды), бөлектеу, алалау, бірдей көрмеу (олар-
ды бізден неге айырасыз?) танып, білу, анықтау (түнде айыра
алмадым), т. б. Бір сөздің басында, міне, қаншама мағына бар?
Енді айыру етістігінің ауыс мағынасы - үнем қылу, күн көру.
Осы заттардың майымен, үн, шайын
Достарыңызбен бөлісу: |