Сөйтіп, сөз бір я бірнеше лексикалық
мағынаны білдіреді
екен. Және сол негізгі лексикалық мағынаның негізінде бел-
гілі стильдік мәндегі әр түрлі экспрессивтік, келтірінді мағы-
наларды да білдіре алады. Бірақ сөз сөйлемде қолданылғанда,
ол қаншама полисемиялы (көп мағыналы)
болғанмен, оның
бір ғана мәнінде жүмсалып, бір ғана мағынасын білдіріп
түрады. Сондықтан да сөзде бір ғана лексикалық мағына бола-
ды дейміз. Демек, сөз жалпы бірнеше мағынаны, көп мағынаны
білдіре
алғанымен, сөйлемде соның бір ғана мағынасында
қолданылады, басқа мағыналары ол жерде ескерілмейді.
Бүған керісінше сөздің бір ғана қолданысының өзінде бірнеше
грамматикалық мағына болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: