Байланысты: И аза тіл білш іні антологиясы с. Исаев азіргі аза тілінде
ас (ас адамның арқауы), тамақ
пісіру, әзірлеу мәніндегі
ас (ет ас), бір жерден екінші жерге
қарай өту, өрлеу мәніндегі ас (таудан ас), т. б. сөздер де (ҚТТС,
1, 365-367) дәл осындай. Бүл сияқты омоним сөздерді көп теп
келтіруге болады.
Демек, сөздің ішкі мағыналық жағы мен оның сыртқы
дыбыстық комплекс жағы арасындағы байланыс
табиғи емес, тарихи қалыптасқан дәстүрлі байланыс болып табылады.
Басқаша айтқанда жекелеген дыбыстардан түратын, қалыпта-
сқан дыбыстық комплекс жеке бір тілдік единиңа ретінде
белгілі бір үғымды білдіретін болған. Міне ол үғым - сол сөздің
мағынасы, өйткені сөз айналамыздағы зат, қүбылыс я оның
сыны мен саны, қимыл, іс-әрекет, оның әр түрлі амалы, т. б.
жайындағы үғым не соның аты, атауы.
Сөздің мағынасы әр түрлі болады. Сөздің жеке түрғанда
да белгілі бір үғымның, аты ретінде танылатын нақты мағынасы
да, одан туындайтын әр түрлі
ауыс, келтірінді мағынасы да, сөйлеу проңесінде неше түрлі түлғалар қосылуының
нәтижесінде пайда болатын немесе басқа сөздермен қарым-
қатынасқа түсу арқылы туатын сан салалы жалпы мағыналары
да болады.
Әрине, ол мағына түрлерінің бір-бірімен байланысы,
жалғастылығы болумен қатар бір-бірінен айырмашылықтары,
өзгешеліктері болады. Ең алдымен сөз білдіре алатын
мағынаны екі түрге бөліп жүрміз:
лексикалық магына және
грамматикалық мағына.