I бөлім
СӨЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тіл - қоғамдағы адамдар арасындағы аса маңызды
қатынас құралы болғандықтан да, ол, бір жағынан, ойлау-
мен, екінші жағынан, сол арқылы санамен, үшінші жағынан,
қоғамдық өмірде белгілі-белгілі қызметтер (коммуникативтік,
эстетикалық-экспрессивтік, т.б.) атқаруымен және дыбыстық
материалға негізделуі, оньщ белгілі мәнге ие бола алуымен
байланысты болып келеді. Тіл, ең алдымен, ойды жарыққа
шығарып, жетілдірудің қүралы болу арқылы ойлаумен тікелей
байланысты. Сондықтан тілдің негізгі-негізгі деген единица-
лары ойлаудың басты категорияларымен сәйкес келіп жатады.
Мысалы, сөз үғымды білдіріп, соның тілдік көрсеткіші болса,
ойды білдірудің бірден-бір тілдік көрінісі сөйлем болып табы-
лады. Міне, осы қасиеттері арқылы тіл айналадағы объективтік
әлем, шындық туралы адамның санасын үйымдастырып
қалыптастырады, олардың арасындағы әр түрлі байланы-
стар мен қатынастарды, олардың сан салалы бөлшектері мен
түтастықтарын, ондағы жүйелер мен заңдылықтарды адам сана-
сына үялатып, есте сақтауға негіз болады. Осы жағынан келген-
де де тіл бірдеңені үйренудің, білудің, шындықты бейнелеудің,
тіпті абстракты түрде ойлаудың қүралы да болып табылады.
К. Маркстің «Тіл де сана сияқты өте көне қүбылыс», - деуі осы-
дан болса керек. Міне, осы қасиеттердің барлығы тілдің
қоғамдық қызметтері - коммуникативтік, эстетикалық-
экспрессивтік қызметтері арқылы жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |