керісінше тәуелділік мағынаны білдіріп тұр сіздің шашыңыз.
Ол мағынаны білдіреген тәуелді жалғауы түсіп қалған. Міне,
осы көрсетілген сөздерді; бәрі де берілген сөйлемдерде ешбір
түлғасыз-ақ (нольдік формада) белгілі грамматикалық мағына
білдіреді, ол грамматикалық мағына сөздің түбірі білдіретін
мағынадан бөлек. Сондай-ақ бүл қүбылыс қазақ тілінде анда-
санда ғана кездесетін кездейсоқ жайт емес. Әйтпесе бұл жайын-
да сөз қозғаудың қажеті де болмас еді...
Сүрақ. Нольдік форма да грамматикалық форма болып са-
нала ма?
Жауап. Нольдік түлға өзінше грамматикалық форма бола
алатынын тіл зерттеуші ғалымдар атап көрсеткен болатын.
Бірақ нольдік түлғаға нелер жатады деген мәселеге келгенде,
ғалымдардың пікірі бір жерден шықпайды. Мысалы, академик
И. И. Мещаников “Бір топтағы сөздердің нольдік түлғалары
морфологиялық көрсеткіштері түлғаланған түріне қарама-
қайшы оларды жеке бөліп қарауға критерий бола алады”, - дейді
(М-22). Сондай-ақ О.П. Суник те атауыш сөздердің негізгі түбір
күйінде формасыз түлғалардың бәрін нольдік грамматикалық
форма дейді, - “Мысалы, іс сөзі іс деген түбір зат есім мен
бүл жерде жекешелікті білдіретін нольдік форма тудырушы
қосымшадан түрады. Сөздің бүндай структуралық типі барлық
алтай тілдерінде ғана емес, индоевропа тілдерінде де бар: орыс
тіліндегі стул, қол сөздері түбір мен еркек тектің (мужской род)
атау септік нольдік формасында түр” (МСС, 66, 77).
Ал В. Г. Жирмунский де, Б. А. Серебренников те атау септік
формасын нольдік формаға жатқызуға болмайтынын, бүлай
анықтау шындыққа үйлеспейтінін айтады. В. Г. Жирмунскийдің
көрсетуінше, орыс тіліндегі нольдік формаға бірінші (первое
склонение) септеудің көпше түріндегі ілік септік түлғасын
жатқызуға болады, өйткені, мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: