ды. Сондай-ақ морфологиялық категорияларды сөз түрлендіру
мәнді (слово изменительные)
морфологиялық катего-
риялар және топтау я жіктеу мәнді (классифицирующие)
морфологиялық категориялар деп те бөлу дәстүрі бар
(М. - МКСРЯДб).
Сүрақ. Грамматикалық категорияның және олардың
түрлерінің сөз таптарына қатысы қандай?
Жауап. Грамматикалық немесе морфологиялық катего-
риялар сөз таптарына қараи топталып жіктеледі. Бүның өзі
грамматикалық (морфологиялық) категория рол сөз табының
грамматикалық ерекшелігі, түрлену жүйесінің сипаты екендігін
көрсетеді. Бірақ тіліміздегі сөз таптарының барлыгында бірдей
грамматикалық (морфологиялық) категория бола бермейді.
Кейбір сөз табында (Мысалы, сан есім, есімдік, үстеу, т. б.)
грамматикалық категория атымен болмауы мүмкін, өйткені
бүлар (бүл сөз таптарына енетін сөздер)
белгілі парадигмалық
жүйемен өзгермейтін, грамматикалық, түлғалық түрлері жоқ
сөздер болып келеді. Ал грамматикалық категориялары бар
сөз
таптары - зат есім, сын есім және етістік. Олар мыналар:
зат есімнің сан-мөлшер (көптік) категориясы, тәуелдік ка-
тегориясы, септік категориясы,
сын есімнің шырай катего-
риясы, етістіктің салт-сабақты етістік (немесе салттылық-
сабақтылық) категориясы, етіс категориясы,
болымсыз етістік
(болымдылық-болымсыздық) категориясы, рай категориясы,
шақ категориясы, жіктік (жақ) категориясы.
Сүрақ. Белгілі сөз табына қатысты грамматикалық
(морфологиялық) категориялардың грамматикалық сипаттары
бірдей, біркелкі ме?
Жауап. Грамматикалық (морфологиялық)
категориялардың
түрлену жүйесі мен семантикалық сипаты біркелкі емес.
Олардың морфологиялық көрсеткіші болып табылатын
грамматикалық түлгалары бірде таза грамматикалық қана
магына үстеп, сол сөз табының сөз түрлендіру жүйесінің форма-
72
лары болса, бірде ондай формалар таза грамматикалық сипаттан
гөрі түбірдің семантикасына аздап болса да өзгеріс, мағыналық
реңк үстеп, лексика-семантикалық сипатқа да ие болады. Сьга
есімнің шырай категориясының, етістіктің
етіс категориясы-
ның, салт-сабақты етістік категориясының, болымсыз етістік
категориясының семантикалық (магыналық) мәні жагынан,
грамматикалық сипаты, парадигмалық жүйесі
жагынан
басқа грамматикалық категориялармен (зат есімнің көптік,
септік, тәуелдік, етістіктің жақ, рай, шақ категорияларымен)
салыстырғанда, ондай ерекшеліктері анық байқалады. Мысалы,
шырай қосымшалары түбірге (сапалық сын есімге) жалғанып,
жаңа мағыналық сөз тудырмағанмен, сын есім түоірінің негізгі
сапалық мағынасына қосымша мән, реңк үстейді. Яғни түбір-
дің семантикасы бүтіндей өзгеріссіз қалмайды.
Семантикалық
жағынан
Достарыңызбен бөлісу: