(мағынаның) толық мәнде лексикалық тәсіл арқылы берілуі бо-
лып танылар еді, дұрысында бұл сөздер көптік мағынадан гөрі
жалпылық, дерексіз абстрактылық мәнді білдіреді.
Көптік ұғым аналитикалық тәсілмен де беріледі. Сан есімдер,
сандық мәні бар сөздер, қайталама қос сөздер, т. б. зат атауының
алдынан келіп, оны анықтап тұрса, ол зат біреу емес, бірнешеу
(көп) екенін тұсінеміз. Әдетте ондайда зат атауын білдіретін сөз
көптік жалғауынсыз қолданылды: талаи жыл өтті, коп адам жи-
налды, жүздеген тонна жүк
жіберілді, мыңдаған машина жүк
тасып жүр, мая-мая шөп үйген, тау-тау астық үйіліп жатыр,
т. б. Көптік жалғаудың бірден-бір грамматикалық көрсеткіші
-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер. Бұлар -
бөлек-бөлек жалғаулар
емес, өзі жалғанатын сөздің соңғы дыбысы мен буынына бай-
ланысты түрленетін бір жалғаудың варианттары. Дауысты
дыбысқа немесе р, й, у үнді (сонар) дауыссыздардың біріне
біткен сөздерге
жуан буыннан кейін -лар, жіңішке буыннан
кейін -лер, қалған үнді дауыссыздардың
Достарыңызбен бөлісу: