259
Бірақ поэмада кейіпкердің «судырақ» атануын түсіндіретін
этимологиялық сипат бар.
Содан бері балалар:
«Судырақсың сен!» - дейді.
Содан бері
балалар
Сӛзіме бір сенбейді.
Орыс балалар поэзиясындағы классикалық үлгілерден
шығармашылық үйренудің үлгісін Қ.Мырзалиев ӛлең-
жырларынан
анық
байқалады.
С.Маршактың
«Мастерломастер» туындысындағы қарапайым шындық
оқушысын күлкіге кенелтерлік қуат алған. Осындай үйреніс
ізі Қ.Мырзалиевтің «Жаңғалақтар», «Омар мен Құмар»
шығармаларынан да елес береді. С.Маршактың «Вот какой
рассеянный», В.Маяковскийдің «Сказка о Пете, толстом
ребенке и о Симе, который тонкий»
деп аталатын
туындыларынан
бағдар
алғандығын
байқаймыз.
Қ.Мырзалиевтің «Киімдер қалай күйінді?» поэмасы
К.Чуковскийдің «Мойдодыр» шығармасын еске түсіреді.
Айырмашылығы, Қ.Мырзалиев
поэмасында салақ баладан
ӛңкей киімдер ӛш алады. Киімдер таңертеңгілік тығылып
қалып, кӛп іздетеді. Сӛйтіп, ұқыпсыз
әрі сотқар Еркебекті
сабақтан қалдырады. Калошы кӛк мұзға сұлатып, кӛп қызға
күлкі қылады, кӛк кепкісі басынан ұшып кетеді.
Қалтасындағы винт және жердегі тас жамбасына батады.
Әліңді шамала,
Бізді де бағала,
Әйтпесе, о, бала,
Боласың кӛкала! -
Обал,ә?!.
Ақынның «Балшықұлы Балшықбай» поэмасында Алексей
Толстойдың «Алтын кілт
немесе Буратиноның басынан
кешкендері» ертегісі оқиғаларының елесі бар. Екеуі де -
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
260
қуыршақ кейіпкерлер. Бірақ Буратино ақылды тентек болса,
Балшықбай - салдыр-салақ бала. Жан бітіп балаға айналған
соң рұқсатсыз далаға шығып кетеді. Суық тиіп ауырады.
Машинаның
астына
түседі.
Ертегі-поэма
соңында
балдақпен жүрген Балшықбайды кӛреміз.
Айбала оның досы боп,
Біраз байқап кӛрмекші.
Кетсе түгел
жақсы боп,
Аяқ жасап бермекші.
Достарыңызбен бөлісу: