Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет93/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik

 
Сҧрақтар мен тапсырмалар
1.
М.Әлімбаев поэзиясының тақырыптық сипаты
кӛркемдігі жайында айтыңыздар. 
2.
М.Әлімбаев шығармаларындағы түйінді ойды 
анықтаңыздар. Шығармаларының тәрбиелік мәні 
туралы пікір білдіріңіздер. 
 
Оқуға ҧсынылатын 
кітаптар 
1.
М.Әлімбаев. Балдәурен, балалық. - Алматы: Балауса, 
2007. 
2.
М.Әлімбаев. Қалам қайраты. - Алматы: Жазушы, 
1976. 
3.
Бесік жыры. –Алматы: Жалын, 1989.
4.
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. -Алматы: 
Мектеп, 1980. 
5.
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 3 кітап. - 
Павлодар: Арман, 2004. 
4 тарау. Б.СОҚПАҚБАЕВ 
Повестері. 
Шығармашылық жолын балаларға арнап 
ӛлең жазудан бастайды. Кейін прозаға ойысады. Прозалық 
шығармалары арқылы балалардың сүйікті жазушысына 
айналады. 
Б.Соқпақбаев 
шығармаларының 
басты 
кейіпкерлері - мектеп жасындағы балалар. Автор балалар 
психологиясын жақсы біледі, терең сезінеді. «Алыстағы 
ауьшда» повесінің(1953) кейіпкерлері - қаладан ауылға 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


248 
кӛмекке келген Болат, Сережа, ауыл балалары Балабек, 
Қожаш, Әнуар, Досан, Құрмаш. Бұлар ел басына күн туған 
қиын кезеңде еңбек етеді. Қиындыққа еш мойымайды. 
Повесте олардың қарттарға жасаған қолқабыстары, ӛзара 
достық, 
жолдастық 
қарым-қатынастары 
нанымды 
әңгімеленеді. Жасӛспірім баланың ӛсу жолын кӛрсететін 
шығарма - «Он алты жасар чемпион»(1957). Шығарма 
кейіпкері - Мұрат Батырбаев 16 жасында Парижде ӛткен 
студент боксшыларының халықаралық біріншілігінде әлем 
чемпионы деген атқа ие болады. Чемпиондыққа дейінгі 
ӛрлеу жолы қызғылықты баяндалады. Спортшы Николай 
Трофимович алыстағы қазақ ауылында секция ашады. Ауьш 
балаларына алуан түрлі спорт ойындарын үйретеді. Талапты 
бала Мұрат ата-анасы мен мектеп директоры Тоқмолданың 
қарсылығына тап болады. Николай Трофимовичтің ісіне, 
әсіресе, шала сауатты әрі спортқа жаны қас Тоқмолда кӛп 
кедергі жасайды. «Он алты жасар чемпион» - ӛмір 
шындығын, уақыт тынысын шынайы суреттеген шығарма. 
Жазушы ӛмірбаяндық деректерді пайдаланатындықтан 
туындылары арасында сабақтастық байқалып отырады. 
Мәселен, «Менің атым Қожа» повесі(1957) алғашында 
«Ӛзім туралы повесть» деп аталған болатын. «Менің атым 
Қожа» повесі қазақ балалар әдебиетінде үлкен құбылысқа 
айналды. Повесть балалар прозасына жаңа леп, жаңаша бет 
ала келді. Бұрын қазақ балалар әдебиетінде кішкентай 
кейіпкерлер шетінен тәрбиелі болып келетін. Осы 
схематизмді бұзған Б.Соқпақбаев болды. Жұрт алғашында 
Қожаны тосырқай қабылдады. Кейіпкерді «жағымды», 
«жағымсыз» деп бӛлетін, тек тәрбиелі баланы ғана үлгі 
тұтатын ұғым-түсініктерді повесть жоққа шығарды. 
Жазушы повесті орыс тіліне аударып, Мәскеудің «Детская 
литература» баспасына ұсынады. Шығарманың бағы 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


249 
жанады. Кӛп тиражбен басылып шығады. Кӛптеген тілдерге 
аударылады. Киноға түсіріледі. 1967 жылы Францияның 
Канн 
қаласында 
ӛткізілген 
балалар 
мен 
жастар 
кӛркемсуретті фильмдерінің бүкілдүниежүзілік фестиваліне 
қатысып, жүлделі орынға ие болады. «Менің атым Қожа» 
повесінің ерекшелігі - Қожаның жағымды, жағымсыз 
қылықтарын табиғи ашып кӛрсеткендігінде. Жазушының 
ізденісі - кейіпкерінің жанына үңіле білгендігінде. Қожа 
әрекеті бала табиғатына тән. Оның мінез-қылығы ӛзінің 
диалектикалық шындығымен, қайшылығымен кӛрінген. 
Жазушы саналы түрде кейіпкерді не бірыңғай мақтау, не 
бірыңғай қаралау принципінен бас тартқан. 
«Балалық шаққа саяхат» повесі(1960) - ӛмірбаяндық 
деректерге құрылған туынды. Жазушының сегіз жасында 
шешесі қайтыс болады. Колхоздасудың алғашқы жылдары, 
ең бір қиын кез. Б.Соқпақбаевтың балалық шағы елдегі 
әлеуметтік ӛзгерістерге толы кезеңге дәл келді. Қаршадай 
бала 
колхоздастырудың 
алғашқы 
жылдарындағы 
қиыншылықтарды үлкендермен бірге кӛрді. «Бадалық 
шаққа саяхат» повесі - осынау балалық шақ туралы 
толғанысынан 
туған 
дүние. 
Повесте 
автор 
ауыл 
балаларының тірлігін сӛз ете отырып, 30-жылдардағы ауыл 
ӛмірін бүкіл қайшылығымен кӛрсетеді. Жазушы сол кезеңді 
бала кӛзімен бағалайды. Колхоздастыру, коллективтендіру 
науқанында 
неше 
түрлі 
асыра 
сілтеушіліктер, 
солақайлықтар 
орын 
алды. 
Ел 
ӛміріндегі 
сол 
қиыншылықтар повесте үзік-үзік суреттер арқылы кӛрініс 
береді. Шығарма кейіпкері Бектас - жетімдік пен жоқшылық 
қасіретін кӛріп ӛскен бала. Қаршадайынан колхоз 
жұмысына араласады: масақ тереді, қырманда астық 
бастырады. Шешесі қайтыс болады. Тұрмыс ауыртпалығы 
Бектасты жасытпайды, қайта шынықтырып ӛсіреді. Повесте 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


250 
жазушы бала кейіпкерге қоғам бойындағы ауыртпалықты 
арқалатты. Бала кейіпкер аузымен қазақ қоғамына тән 
бірталай кемшіліктерді айтты. 
Жазушы ӛз шығармаларын бірінші жақтан жазады. Бұл 
ӛмір құбылыстарын бала кӛзімен кӛру, бала түйсігімен 
түйіндеуден 
туындайды. 
Баланы 
зеріктіретін 
суреттеулерден, үсақ-түйекті тәптіштеуден бойын аулақ 
салады. Жазушының балаларға арналған шығармаларында 
кішкентай кейіпкерлердің ой-кӛзқарас, психологиясын 
нақты кӛрсететін шынайы штрих-детальдар мол. Қала 
баласының ой-кӛзқарас, түсінігіне құрылған туындысы -
«Аяжан» повесі(1963). Ауылдағы туыстарына қыдырып 
барған Аяжан атты кішкентай қыз суықтан құлағы естімей 
қалған әйелге жанашырлық жасайды. Қаладағы дәріханашы 
анасынан алдырған дәрісі ем болады. 
«Ӛлгендер қайтып келмейді» романында(1967) ӛмірдің 
ащы шындығы тереңірек ашылған. Романда екінші 
дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы, соғыс кезіндегі және 
соғыстан кейінгі кезеңдегі қазақ ауылының шындығы 
кӛрінеді. Соғыс халық тұрмысына қиыншылық, ауыртпалық 
әкелді. Сондай-ақ, алуан түрлі психологиялық, моральдық 
проблемалар 
тудырды. 
Соғыс 
кезінде 
адамдардың 
адамгершілік қасиеті, моральдық болмыс-бітімі сынға түсті. 
Роман үш бӛлімнен тұрады. Әр бӛлім шағын кӛріністерге 
бӛлінген. Роман желісі соғыс алдындағы жылдардан 
басталып бас кейіпкер Еркіннің ақындық, жазушылық 
жолға түсуіне дейінгі мерзімді қамтиды. Роман ӛзегі - 
Еркіннің азамат боп ӛсу жолдары. Бірінші бӛлімде Еркіннің 
ағасы Сәрсебек үйленеді. Ағысының Қаныша жеңгесімен 
қосылғанына жыл жарымдай уақыт ӛтеді. Соғыс басталады. 
Сәрсебек әскерге аттанады. Еркін колхоз председателі 
Нұрәлінің әділетсіздігіне тӛзбейді. Нұрәлі Еркінді елден 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


251 
қуады. ФЗО-ға жібереді. Еркін ФЗО-дан қашады. Түрмеге 
түседі. Екінші бӛлімде Еркін ӛз ауылынан алыста, 
Сарыбелде мұғалім болып жүреді. «Живсырьенің» 
қызметкері, ішкі есебі мықты Сегізбаймен араласады. 
Басынан бірталай оқиғалар ӛтеді. Еркін студент болады. 
Соғыстан кейінгі жылдардағы студенттер тұрмысы 
баяндалады. Декан Дәулетбаев пен доцент Беделбаевтардың 
іе-әрекеттері есте қалады. Романның үшінші бӛлімінде 
Еркін оқу бітіріп Қазақстанның оңтүстік облыстарының 
біріне мұғалім болып барады. Еркін үйленген. Әйелі Зағипа 
да мұғалім. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысы ойдағыдай емес. 
Осы мәселелер жӛнінде мектеп директоры Жақыбаев пен 
оқу ісінің меңгерушісі Ілиясовпен келісе алмайды. 
Б.Соқпақбаев - тақырыпты ӛмірдің ӛзінен алатын 
жазушы. Жазушы ӛзінің шығармалары арқылы ӛмірдің 
соншалықты күрделі, соншалықты ауыр екендігін мейлінше 
шыншыл баяндайды. Қаламгер ӛз шығармасы арқылы 
ӛмірдің соншалықты күрделі екенін, ӛмірде әділеттіліктің 
сақтала бермейтінін асқан шыншылдықпен баяндап берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет