Әңгімелері.
1927 жылы Қызылорда қаласында «Қошан
кедей» атты кітабы жарық кӛреді. 1966 жылы «Адам адамға
дос» кітабы жарық кӛреді. Ӛ.Тұрманжанов әңгімелерінің де
ӛзекті тақырыбы еңбек саналады «Ұста бала» әңгімесінде
бала ана ӛсиетін орындайды. Жыртылған жерін ӛзі жамап
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
232
алады. Түймесін ӛзі қадайды. Бара-бара жаңа киімді де ӛзі
кесіп-пішіп, тігіп киіп алады. Әуелі ӛз етігін жамайды.
Кейін үйрене келе жаңа етікті де тігетін, қамшыны да
ӛретін, ерді де шабатын, күмісті де соғатын ісмер ұста
болады. Ұста бала атанады. Сӛйтіп баланы анасының ӛсиеті
ұста қылады. «Бала жолы» әңгімесінде автор балаларға
«Құмырсқалар, аралар - қиыспас дос құдалар» поэмасы
арқылы таныс еңбексүйгіш құмырсқаны ӛнеге етеді.
«Дүниедегі жәндіктердің ішіндегі кішкенесінің, ең нәзігінің
бірі - осы құмырсқа. Бұлар ӛз жұмысына тым ұста.
Еңбексүйгіш. Еңбек етуге келгенде бұлардан асатын жәндік
жок. Ынтымақшылдығы қандай тамаша! Тұтас бір қауым -
бір күш. [...] Ей, балалар! Сендер міне осы құмырсқа құрлы
жоқсыңдар ма? Бұл қорлыққа тӛзе бергенше, жолдан ӛткен
сайын жол үстінде жайсыз, тосқауыл болып жатқан
тастарды иіліп алып, шетке лақтырып тастай беріңдер,
тастай беріңдер» - дейді жол азабын тартқан балаларға
шӛпшек теріп жүрген қарт ана. Қарт ананың айтуымен
балалар жолды тазартады. Халық бұл жолды балалар ӛз
қолдарымен салғандықтан «Бала жолы» деп атап кетеді.
Ӛ.Тұрманжановтың оқу-білім жайындағы әңгімелері
қатарындағы «Бала мен кӛзілдірік» әңгімесінің жасы кіші
бала үшін танымдық та, тәрбиелік те мәні үлкен. Атасының
кӛзілдіріксіз кітап оки алмайтынын немересі байқайды.
«Кітапты атам оқымайды, кӛзілдірік оқиды екен» деген
тұжырымға келеді. Кӛзілдірігінің атасына кітап оқып, ӛзіне
оқымағандығына бала қатты күйінеді. «Сонда атасы
немересін жұбатып: - Мектепке барып, сауатыңды ашып,
хат танитын болған соң кӛзілдірік саған да окитын болады,
балам, - дейді. Сонда баласы: - Хат танып алсам,
кӛзілдіріксіз де оқимын ғой, ата, - депті». Баланың ақылға
салған соңғы жауабы да кішкентай окырман жанына жакын.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
233
Бұдан Ӛ.Тұрманжановтың кӛргені мен кӛңілге түйгенінен
әңгіме сюжетін ӛре білу қабілеті анық байқалады.
«Қамқоршы», «Біздің Ғани» әңгімелері тарихта болған
адамдар жайында сыр шерткенмен негізгі идеясы -
сауатсыздыққа қарсы күрес, балаларды оқу-білімге шакыру.
«Қамқоршы» әңгімесінде Ғани қамқорлығын суреттеуге аса
үлкен мән береді.
Ӛ.Тұрманжанов ісай жанрда жазса да табиғатты
жырлап ӛтті. Табиғат пен «жақсылық», «кайырымдылық»,
«адамгершілік» деген ұғымдар - автор үшін егіз нәрселер.
Табиғат перзенттері - хайуанаттар, құстар, жәндіктердің
үнемі адам қамқорлығына зәру екендігі қаламгер
әңгімелерінен байқалып отырады. Қамқорлықты туғызатын
- ізгі ниет, сүйіспеншілік сезім. Ізгілік жӛніндегі
әңгімелеріне «Жапанда жалғыз шынар», «Үш ӛсиет»,
«Жылан мен кесіртке», «Торғай мен балапандары», «Ақсақ
торғай», «Құр бақа мен су жыланы» жатады. Мазмұны мен
идеясы
жағынан
Ы.Алтынсариннің
«Таза
бұлақ»
шығармасымен үндес келетін «Жапанда жалғыз шынар»
әңгімесінде балалары әке ӛсиетін орындайды. Демек,
әңгімелерінде ана ӛсиеті мен әке ӛсиеті қатар жүреді екен.
Балалар әкелері ӛлген соң оны бұлақ басына қастерлеп
кӛмеді. Сол жерге бір түп шынар ағашын отырғызады. Жас
шынар зәулім ағашқа айналады. Ақ үйдің ауданындай жерге
сая болады, кӛлеңкесін түсіреді. Ұзақ жолдан шаршап келе
жаткан жолаушылар бұлақтан су ішеді, жуынып-шайынады,
ағаш кӛлеңкесінде рахаттанып демалады.
«Торғай мен балапандары», «Ақсақ торғай» әңгімелері
балаларды құстар тіршілігімен ғана таныстырып коймайды,
оларға қамкор болуға шақырады. Бала торғай мен ана
торғай харекеттері шынайы суреттеледі. Торғайлардың шыр
айналып ұшып-қонуын, мазасыздануын жазушы аса бір
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
234
дәлдікпен кӛрсеткен. Ана торғай бала торғайға тамақ тауып
жеуді үйретеді, жаудан сақтану жолдарын кӛрсетеді. «Ақсақ
торғай» әңгімесінде бір бала ӛзі абайламай аяғын
сындырған торғайды қатты аяйды. Үйіне әкеп, оның сынған
аяғын орнына салады, сыртын қатты қағазбен қаптайды,
сыртын жұмсақ шүберекпен мықтап таңып қояды. Сӛйтіп,
торғайды емдеп жазып, үйіріне қосады.
«Құр бақа мен су жыланы» әңгімесінде де құр бақаға
жанашырлык танытқан бала ісі үлгі етіледі. Су жыланының
жеміне айнала жаздаған құрбақа құтқарылады. Бала су
жыланын қармағының сабына іліп алып, жар басына
лақтырады. Оны дегелек қағып алып, ұясындағы баласына
қарай алып ұшады. Жазушы жәндік болсын, құс болсын
қайсысының немен қоректенетінін балаға қарапайым тілмен
қызықты етіп баяндап берген.
Ӛ.Тұрманжановтың, сондай-ақ, аңыз-ертегі ізімен
жазылған «Байқағыш балалар», «Арпа, бидай - ас екен,
алтын, күміс - тас екен», «Жарқырауык жасыл құрбақалар,
ак күмістей асыл құрбақалар туралы хикая» атты ертегілері
бар. Бұлардың қатарына «Мысық қалай мысық болған»
вьетнам аударма ертегісін де қосуға болады. Әдеби ертегі
жанрында жазылған әңгімелерінде адам бойындағы асыл
қасиеттер дәріптеледі. Автор ненің жақсы, ненің жаман
екендігін танытады, «қандай болмақ керек» дегенге жауап
береді. Бұларда балалар ақыл-ойына қозғау салатын тұстар
мол. Әсіресе, «Зеректік» халық ертегісін еске түсіретін
«Байқағыш балалардан» бала логикасын дамытатын
сипатты байқауға болады. Желмен ұшқан қалпақ иесінің
қарт адам екенін, оның әрі жаяу, оң қолсыз, шолақ, әйелі жоқ
екендігін
кӛрмей-білмей
балалар
тӛмендегіше
түсіндіреді:«Қалпақ жас адамдікі болса, қуып жетіп ұстап
алар еді. Астында мінген аты болса, қарт адам болса да
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
235
атымен қуа қайырып қалпағын ұстап алған болар еді.
Алшысынан киген ақ қалпақтың сол жақ етегінің сырты
теңгенің аумағындай дӛңгеленіп, мӛр басқандай карайып
қалыпты. Қалпақты ылғи сол қолымен киіпті, оң қолының
жоқтығы содан білінді. Қалпақтың қайырылған сыртына
тебен ине шаншып, сабағымен шандып орап қойыпты.
Әйелі бар болса, ине алып жүріп не қылсын».
«Арпа, бидай - ас екен, алтын, күміс - тас екен» ертегісі
ӛлерінде ғана нан қадірін түсінген сараң байдың
дүниеқоңыздығын, караулығын әшкерелейді. «Жарқырауық
жасыл құрбақалар, ак күмістей асыл құрбақалар туралы
хикая» ертегісі басқаларынан композициялық құрылым
жағынан ӛзгеше. Немересі әжесіне сұрақ қояды. Әжесі
немересінің сауалына жауап ретінде әңгіме айтады. Немере
мен әже әңгімесі негізгі әңгімеге кіріспе болған. Негізгі
әңгіме - жарқырауық жасыл құрбақалар, ақ күмістей асыл
құрбақалар туралы ертегі. Шортаннан қашқан олар құрғаққа
ұмтылады. Балықтардың құрбақаларға айналуы ертегіге
этимологиялық сипат дарытқан.
«Мысық қалай мысық болған» вьетнам ертегісі
қаламгерді құрылымдық ерекшелігімен де, идеясымен де
қызықтырған болу керек. Ертегі диалог түрінде берілген.
Бұл тұста Ӛ.Тұрманжановтың диалог үлгісінде жазылған
ӛлеңдерінің баршылық екендігі еске түседі. Шығарма жасы
кіші баланың табиғат құбылыстарына қатысты танымдык
білімін ғана қалыптастырып қоймайды, юморды түсіне білу
қабілетін де ұштайды. Әрі «Әр нәрсе ӛз затына сай аталу
керек» деген ойды аңғартады.
Сонымен Тұрманжановтың жоғарыдағы әңгімелері
еңбек, оку-білім және ізгілік тақырыптарына арналған.
Басым кӛпшілігі әр буын ӛкілдері - ата, әже, әке, ананың
ӛсиеттеріне құрылған. Тағы бірер әңгімесінде ӛсиет тікелей
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
236
халық атынан жеткендей әсер қалдырады. Демек,
жазушының қай әңгімесінде болсын басынан кешкені,
кӛрген-білгені негізінде ойға түйгені мол халқымыздың
ӛмірлік тәжірибесі кӛрініс береді. Бірсыпыра әңгімесінен
ӛсиетке құлақ қойған бала кӛрінеді. Балалардың халық
тәжірибесін сүйеніш еткен тірлігі байқалады. Ал, халық
тәжірибесі, негізінен - халық фольклорында. Демек,
жазушы ӛз әңгімелерінде фольклорлык дәстүрді және
Ыбырай Алтынсариннен кейін қазақ балалар прозасында
орныққан арна-дәстүрлерді жалғастырды.
Достарыңызбен бөлісу: |