Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е


Оқуға ҧсынылатын кітаптар



Pdf көрінісі
бет96/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik

 
Оқуға ҧсынылатын кітаптар 
1.
Бердібек Соқпақбаев туралы естеліктер. - Алматы: 
Білім, 2005.
2.
Б.Соқпақбаев. Аяжан. - Алматы: Жалын, 1985.
3.
Б.Соқпақбаев. Менің атым Қожа. - Алматы: Атамұра, 
2003.
4.
Б.Соқпақбаев. Әжесінің баласы. - Алматы: Жазушы, 
2003. 
5.
Б.Соқпақбаев. Балалық шаққа саяхат. - Алматы: 
Раритет, 2005. 
6.
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. -Алматы: 
Мектеп, 1980. 
7.
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 3 кітап. - 
Павлодар: Арман, 2004. 
5 тарау. Қ.МЫРЗАЛИЕВ 
Ӛлеңдері.
1970 жылдың аяғында Қ.Мырзалиевтің 
«Күміс қоңырау» атты кітабы -ӛлеңдер, мысалдар, 
жұмбақтар, 
жаңылтпаштар, 
ертегілер, 
диалогтар, 
мазақтамалар 
жинағы 
жарыққа 
шығады. 
«Күміс 
қоңыраудағы» шығармалары бұрын жарық кӛрген бір топ 
кітаптан 
-«Кӛктем», 
«Жаңғалақтар», 
«Кішкене 
Қожанасырлар», 
«Ноян 
палуан», 
«Алуан 
палуан», 
«Сабақ» кітаптарынан және «Омар мен Кұмар», «Мешін 
мен 
адам» 
кітапшаларынан 
таңдалып, іріктеліп алынған. Жекелеген ӛлеңдері бастауыш 
сыныптарға 
арналған 
оқу 
құралдарына енді. Екі жүзге тарта ӛлеңдеріне әдейі арнап, 
ән, кантата, ораториялар жазылды. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


254 
Қ.Мырзалиев - филосоиялық-дидактикалық дәстүрді 
дамыта жырлаған ақын. Қ.Мырзалиев қазақ балалар 
әдебиеті мәселелеріне кӛп кӛңіл бӛледі. Балалар ақынының 
қасиеті жӛнінде былай дейді: «Барша поэзияға қойылатын 
түбегейлі талаптармен қоса, балалар ӛлеңінен жеке-дара 
талап етілетін қасиет белгілердің ӛзі қаншалық: оларды 
үқпайтын, бүкіл жаратылысымен сезінбейтін ақын қандай 
ма талант, қандай ма дарын болғанмен, егер ол балалар 
психологиясы мен балалар әдебиетінің ӛзіндік деген 
ерекшеліктерін әдейі зерттеп-біліп, үлкен бір даярлыққа 
кіріспесе, бӛбектер кӛңіліне бірден қона кететін ғұмырлы 
дүниелер тудыра алмайтыны хақ»(38,324) 
«Кӛктем» ӛлеңі 5 шумақтан тұрады. 11 буынды ӛлең. 
Дала адам бейнесінде алынады. Аспан - әке, кӛктем - ұл 
ұғымында. 
Аспаның әлсін-әлсін кӛктем ұлын 
Алады шомылдырып жаңбырына. 
Тосады жалпақ дала күнге жонын 
Денесін жазайын деп құрыстаған. 
Автор ӛлеңнің соңғы шумағып а дейін бір бағыттан 
айнымайды. Кӛктемнің жазға орын беруі -кішінің үлкенге 
құрметі тәрізді қабылданады. 
Жаз келіп, кӛктем жылжып жүре берер 
Інідей орын берген ағасына. 
Ӛлең аяқ астынан құйып, аяқ астынан басылған жаңбырды, 
жаңбырдан соңғы арайлы құбылысты кӛркем сурет етіп 
кӛрсетеді. 
Су-су қылып бозторғайды, шымшықты, 
Сілкінді де сұп-сұр аспан тыншықты. 
Сахна - кӛк, шымылдық - бұлт сырылып, 
Сығалады, нұрын сеуіп күн шықты. 
Автор табиғат мінезін бала мінез-құлқымен салыстырады. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


255 
Табиғат мінезі бала кӛңіл-күйімен байланыстырылады. 
Құдды ерке бала сияқты. 
Жұтты гүлдер нӛсер суын, шуақты. 
Жылғалардан жылжып қана су ақты. 
Жаңбырдан соң күлімдеді табиғат 
Жақсы баға
Алған бала 
Сияқты. 
7 буынды «Шие мен жиегі» атты ӛлең тілазар баланың 
қылығын баяндайды. Айтқан тілді алмаушылықтың неге 
соқтыратынын кӛрсетуге арналған ӛлең. 
Айтқан тілді алмайтын 
Кӛршіміздің жиені. 
Әлі жеуге болмайтын 
Жұлатын кӛк шиені. 
Жұлып жүр деп жиенім, 
Кӛрші ойына алмады. 
Пісер кезде Шиенің 
Бір түйірі қалмады. 
Балаларға арналған ӛлеңдердің ішінде күшік, мысыққа 
арналғандары жиі кездеседі. Қ.Мырзалиевтің «Саққұлақ» 
елеңі үш шумақтан түрады. Ойыншыл күшік қимыл-
қозғалысы кімге болса да таныс. Әсіресе, мына қылығы: 
Үріп тұрып жӛнімен, 
Қызық оның қашқаны. 
Қорқып үріп, 
Сонымен 
Қорқытады басқаны! 
Бірінші шумағының бастапқы екі жолы 4 және 3 буынды 
да, қалған шумақтары 7 буынды. 
Қ.Мырзалиев ӛлеңдерінде теңеу мол. Табиғат үнемі 
жанды бейнеде алынады. «Қыс» ӛлеңінде қыс ересек адам 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


256 
кейпінде болатын болса, тал - жас бала есебінде алынады. 
Қыс ӛзі бүрсеңдеген бала талға 
Кигізді үстіндегі ақ халатын. 
Қар жапқан аппақ дала хақында «расымен ұқсайды екен!» 
дегізетін теңеу табады: 
Әлі де із түспеген әппақ дала 
Басталмаған оқушы дәптеріндей. 
Баланың тілазарлығы - ақын ӛлеңдері тақырыптарының бірі. 
7 буынды «Тілазар» ӛлеңі тағы да тілазарлықтың салдарын 
түсіндіреді. 
Тазалашы, мұз болған, 
Есік алды тайғанақ! 
Жата берсін, біз оған
 
Теуіп жүрміз сырғанақ! -
 
Шыға беріп Жалтақбай 
Ұшьш түсті қалпақтай! 
Халық әңгімесі ізімен жазылған «Аңқау аңшы» ӛлеңі 5 
шумақтан тұрады. Әр шумақта 8-9 жол. 3, 4, 5 аралас 
буынды ӛлең. Қиялға беріліп, қоянды қолдан жіберіп қойған 
аңшы жӛнінде. Идеясы - бос қиялдың қажетсіздігі, әрекет 
етуге ұмтылуға үндеу. 
Қ.Мырзалиев мысалдары шағын кӛлемді. Кӛпшілігі 2-3 
шумақтан аспайды. «Күміс кітапта» ақын мысалдары 
«Мұндайлар да бар» айдарымен берілген. «Бас пен тарақ» 
мысалы 2 шумақтан тұрады. 11 буынды ӛлең. Тарақ Басты 
«Менсіз сенің күнің құрсын ұйысқан» деп менсінбейді. 
Шашсыз тарақтың күні қараң. Осы ойды екінші шумағында 
аңғартады: 
- Бірте-бірте сиреңкіреп барамын. 
Уақыт алып келмейді кӛп тарағым. 
Таз болатын кезім жақын, - деді Бас, 
-Күнің сонда не болады, қарағым?! 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


257 
«Бұлбұл және оның иесі» мысалы 6-7 буын аралас ӛлшеммен 
жазылған. Тордағы бұлбұл иесіне «босат» деген тілек айтады. 
«Босатсам, сені мысық жеп қояды» дейді қожайыны. 
Қожайын, бұлтарма, 
Қолдайсың бұзықты. 
Әйтпесе, бұл торға 
Қамар ең мысықты! 
Үш мысалдың үшеуінде де кісі қадіріне жетпейтін жан 
қылығы тұспалданады. «Жаңғалақтар» кітабынан енген 
ӛлеңнің бірі - «Әттеген-ай». Ӛкпешіл бала ӛзіне кесел 
келтіреді. «Ет аз қалдырдыңдар» деп апасы қойған тамақты 
жемей қояды. 
Ет екен демедім, 
Ӛкпелеп жемедім. 
Ал апам күлді де, 
Майлы шек, тілді де 
Қалдырмай жеп қойды, 
Тәтті екен!- деп қойды. 
Ӛйтерін білмедім, 
Ӛйтерін білгенде 
Ӛзім-ақ жейтін ем, 
Аз емес! - дейтін ем! 
«Досым екеуміз» ӛлеңінің кейіпкерлері жиілеткен 
тӛбелестен соң ӛзара ортақ шешімге келеді: 
Шекіссек те екеуміз 
Үйге жылап қайтпаймыз. 
Сӛзімізге бекембіз, 
Апамызға айтпаймыз. 
Естімесе ӛздері, 
Айтып қанша қажеті? 
Біліп қойса, 
Біздерді 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


258 
Ойнатпайды бір жеті! 
Автордың 
жиі 
тұспал 
жасайтыны 

жалқаулық. 
Жалқаулықты әшкерелеу үшін де кез келген форма тиімді. 
Оған мысал - сұрақ-жауапқа құрылған «Балақай» ӛлеңі. 
Бүлдірген тереміз, балақай. Алақай! 
Ат жарыс кӛреміз, балақай. Алақай! 
Айға ұшып барамыз, балақай! Алақай! 
Кел, ағаш жарамыз, балақай. Әй, ата-ай!... 
Тұспалсыз, айтарын ашық айтатын ӛлеңі - «Шылым жыры»: 
Шылыммын, Шьшыммын, 
Сӛзі рас ғылымның: 
Сорымын жүректің, 
Жүйкенің, Жұлынның. 
Шылыммын, Шылыммын, 
Бос кеткен пұлыңмын. 
Шексең - патшаңмын, 
Шекпесең - құлыңмын! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет