Мәдениет теориясы- мәдениеттану Мәдениеттану- хх ғасырда ғана ғылыми пән ретінде қалыптасқан ғылымдардың бірі. Бірақ мәдениет зерттеу пәні ретінде XVII ғасырларданбастап философтар мен тарихшыларды қызықтыра бастады.
Мәдениеттану-мәдениет теориясы- кешенді гуманитарлық ғылым. Оның қалыптасуы мәдениет туралы ғылыми білімнің интерграциясының жалпы тенденциясын көрсетеді. Ол тарих, философия, әлеуметтану, жантану, антропология, этнология, этнография, өнертану, семиотика, лингвистика, ақпараттану пәндерімен өзара түйіскен.
Неміс классикалық
философиясының негізін қалаушы
Иммануил Канттың (1724-1804)
пікірінше, тек екі нәрсе адамды
таңдандырады, жұлдызды аспан
және адамның ішкі рухани
дүниесі. Соңғының өзегін рухани
мәдениет құрастырады.