Бейбіт НҰРМҰХАНОВ. Аманкелді ауданы.
Мүрде
(Әңгіме) Нумерология – ежелден келе жатқан
ғылымдардың бірі. Ол жеке тұлғаның өзіне
ғана тән мінез, мақсатқа ұмтылыс, күш-жі-
гер сынды қабілеттерін анықтауға көмек-
теседі. Адамның өзі білмейтін құпияларын
да ашуы мүмкін. Оны жүзеге асырып көру
үшін туған күніңізді білсеңіз жеткілікті.
Әдетте 1-9 аралығындағы және қосымша
11, 22 сандары арқылы жүзеге асып отыра-
ды. Соңғы аталған екі сан ерекше қабілет-
ті, мақсатына жетуде аянбай еңбек ететін
жандарға тән. Оны қалай жүзеге асырамыз?
Мысалы: туған күніңіз 23.05.1993.
23=2+3=5. 05=0+5=5. 1993=22=2+2=4.
5+5+4=14. 14=1+4=5. Яғни бізге керегі «5»
саны.
«1» саны шықса Бір саны тұлғаның тәуелсіздігін, мақ-
саттарын айқын көре алатындығын біл-
діреді. Бір уақытта бірнеше тапсырманы
орындай алатын күш-жігері бар. Көшбас-
шылық қасиетке ие. Мақсатына жету үшін
маңдай терімен еңбектенеді. Кемшіліктері:
эгоизм, шыдамсыздық және өзімшілдік.
Олар ойланғаннан гөрі әрекет еткенді жақ-
сы көреді. Өз пайдасы үшін айналадағылар-
ды пайдаланудан тайсалмайды.