8 ақпан 020 жыл жұма №24 (18976) Қасқырбай Қойшыманов



Pdf көрінісі
бет53/104
Дата28.02.2022
өлшемі7,44 Mb.
#133634
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   104
Байланысты:
Nomer 024

Сән көрсетілімдері сән стиліне есік ашып қана қоймай, келесі мерзімде 
сәнде не болатынын көрсетеді. Ендеше, әлемдік сән көрсетілімдеріне сүй
-
еніп, 2020 жылы сәнде болатын сөмкелер топтамасын ұсынамыз. 
Бетті дайындаған Әсел ҚИБАШ.


15
28 ақпан 2020 жыл
«Бір секундтің өзі адам тағдырын шешеді» 
Халық нақылы.
Ол әдетте үйде жалғыз қалатын. Сол 
жолы да жалғыз қалды. Қала шетіндегі 
көзге елеусіз көрінетін жалғыз үй. Еш нәр-
сеге алаңдамастан уақытын тиімді өткізу-
дің жолын іздеді. Жігітіне қоңырау шалды, 
кездесіп кофе ішу керектігі жайлы айтты. 
Бірақ ол қалада емес екендігін келесі жолы 
ыңғайы келсе міндетті түрде кофе ішуге 
уәде берді. Ойына Әлия келді, телефоннан 
нөмірін теріп жатқан сәтінде желкесінен 
біреу төніп тұрғандай сезімде болды. Ар-
тына қарап еді оғаш нәрсе байқалмады, тек 
желге желпілдеген алқызыл түсті пердені 
көрді.
– Алло, Әлия, сәлем!
– Сәлем, Дана, қалайсың?
– Мәз емес... Қолың бос па?
– Неге? Не боп қалды? Иә, бос!
– Біздің үйге келші, келгесін бәрін 
түсіндіріп айтамын... Осы сәтте байланыс 
үзіліп кетті. 
Әлия сыртқы киімін қолына ұстап, тез-
тез басып, қала шетінде екі көше төмен тұра-
тын құрбысы Данаға қарай асықты. Құлағы-
на біреу "үлгермей қаласың, жылдамырақ 
жүр" дегендей дыбыс естіледі.
Екпіне басып құрбысының үйіне де жет-
ті. Есік қоңырауын басар сәт сол еді, есік өзі-
нен өзі ашыла қалды. Ақырындап үй ішіне 
кірді. Үйде ешкім жоқ секілді, жан-жағын 
қарағанда бұрышта жасырынып отырған 
Данаға көзі түсті. Таң қалған кейіппен.
– Дана саған не болды? Тұр, неге балаша 
бүк түсіп отырсың?
– Қорқамын тағы келеді... Қорқамын... 
Келеді, ол келеді... – деді көз жасы тамшы-
лана жерге түсіп.
– Түсінсем бұйырмасын, кім келеді?
– Тағы да келеді ол, келеді, келеді, – тек 
осы сөздерді айтуға ғана шамасы жетті.
– Кімді айтасың, ашып айтшы кім келді, 
Дана? – деп құшақтай алғаны сол еді. Дана 
шыңғырып орнынан ыршып тұрды. 
Әлия не болғанын түсінбей абдырап 
қалды. Сабасына түсіріп, қолынан келгенше 
жұбатуға тырысты.
...Арада жарты сағатқа жуық уақыт өтті. 
Дана сәл де болса өз-өзіне келді. Әлияға 
алғыс айтқан адамша бір қарап сөзін баста-
ды.
– Сенімен сөйлесіп жатқанда байланыс 
үзіліп кеткені есіңде болар?
– Әрине есімде. Бір нәрсе болды ма деп 
аяғым жерге тиместен осылай қарай жү-
гірдім емес пе.
– Сол кезде менің телефонымның қуаты 
өшіп қалған болатын. Қуаттағышты әрі із-
дедім, бері іздедім, таппадым. Сосын төсек 
орнымның астын қараған кезде...– осы кезде 
бетін басып жылап жіберді. – Ол маған қа-
рап жатты.
– Кімді айтасың?
– Төсеніш астында түнде түсіме кіретін 
бейне маған күлімдеп қарап тұрды. Мен 
не істерімді білмедім, бірден есік жаққа 
ұмтылғанымда ол алдымнан шықты. Маған 
күлімдеп жақындай бастады, жақын келді. 
Бетімді басып бүк түсіп отырып қалдым. 
Кейін сен келдің, ары қарай не болғанын 
өзің де білесің.
Ортада бірер минуттық меңіреу ты-
ныштық орнады. Әлия Данаға қарап:
– Мүмкін бүгін біздің үйде қонарсың, – 
деп ұсыныс жасады.
– Ата-анам да іссапарда, қонсам қонайын, 
– деді қорқынышы басылмаса да.
...Әлия Дананы өз үйіне алып келді, бұл 
ісіне іштей қуанышты еді. Бір сәт көңілі сер-
гіп, ойы бөлінсін дегені болатын. Екеуі бірге 
ас әзірледі, бірге фильм де қарады. Кешке дей-
ін уақыттарын қызықты өткізді. Тіпті Әлия 
күндізгі болған жайтты Дананың есіне түсір-
мес үшін барлығын жасады десек те болады.
Ұясына кіріп бара жатқан күн жоғалып, 
аспанды қою қара түн иемденді. Әлия бір 
бөлмеге екі қатар төсек салып оң жаққа сен, 
сол жаққа мен деп бөліп тастады. Екеуі де 
күндізден қалжыраған секілді, бастары жас-
тыққа тиісімен қалың ұйқыға кетті. Түн-
гі екілер шамасында кенеттен бір дыбыс 
шықты. Әлия оянып қараса, Дана екен. 
Көрпені бүркеп алып қара терге түсіп жа-
тыр, сәлден кейін байқағанда сілемқатары 
сөзсіз. Көрпені ашқан мезеті сол еді, Дана 
қорғанған адамша бетін көлегейлей бастады. 
Дауыстап «жолама, кет, кет» деп те айқай 
салды. Әлден уақытта түсі екенін түсінген 
адамша Әлияның қолынан көрпесін алып, 
қайта ұйқыға кетті. Сол түні Әлия таң қы-
лаң беріп атқанша ұйықтаған жоқ. Ойы сан-
саққа жүгірумен болды. Ойлана келіп Дана-
ны өзінен бір көше жоғары тұратын көріпкел 
әйелге апару туралы шешімге келді. Данаға 
бұл шешімді қалай айтарын білмей, түске 
дейін ойланды. Ақыры көндірді. Ешқандай 
да су немесе тәтті жегізбейтінін айтып, тек 
алақанға қарап айтатынын айтты. 
Көріпкелдің үй іші ала көлеңке, терезелер-
ге жұқа перде ұсталған. Ортада төрт бұрышты 
үстелде жасы қырықтар шамасындағы дөң-
гелек жүзді әйел отыр. Көзімен отырыңдар 
дегендей ишарат жасады. Данаға қолын созып 
"алақаныңды көрсетші" – деді. Алақанға әрі 
қарап, бері қарап былайша сөз сөйледі:
– Өлген адамды көріпсің. Жай өлген емес, 
азапталып өлген адамды, – деп Дананың мой-
нына қарады. – Мойныңдағы алқаны шешіп 
таста, ішкі жағы қуыс, оған өлген адамның 
күлі салынған. Сені түнімен мазаңды алатын 
сол.
Дана екінші қолымен мойынын қармалап, 
алқаны жұлып алды. Кенет бойы жеңілдеп 
сала берді. Көріпкел әйел одан әрмен сөзін 
жалғады. 
– Тұрып жатқан үйіңді ауыстыр, сен жа-
татын бөлмеде өлген адамның мүрдесі бар. 
Сен соны көргеннен шошынғансың. Жақын 
маңайда ол үйден көшпесең, одан да сорақысы 
болады, – деп сөзін аяқтады.
Бұл сөздерді естігенде Дана да, Әлия да 
біраз таңқалғаны рас. Көріпкел әйелге риза-
лығын білдіріп үйінен шығып кете барды.
...Бірер күннен кейін Дананың ата-анасы 
іссапардан келіп, болған оқиғаны толық біл-
гесін ол үйден көшіп кетті. Қазір Дана Әлия-
мен жақын көрші тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет