8 ақпан 020 жыл жұма №24 (18976) Қасқырбай Қойшыманов



Pdf көрінісі
бет50/104
Дата28.02.2022
өлшемі7,44 Mb.
#133634
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   104
Байланысты:
Nomer 024

Әлиакпар СҰЛТАНОВ.
– Сіз бақыттысыз ғой...
Үнсіз қалдым. Не «иә»,не «жоқ» деп мақұлдама-
дым. Бір сөзбен айтқанда не айтарымды білмедім. 
«Жоқ қателесесіз. Мен де соры қайнаған жанмын» 
десем, өзіме риясыз көңілмен қарап тұрған жан-
ның көңілін қалдырармын деп ойладым. Мейлі 
солай-ақ ойласын. Білмей-ақ қойсын. Жүрегімде 
күннен-күнге балалап жатқан қара албастыдай 
қайғының барын.
Қазір де барлық қайғым мен жүректе қотырла-
нып біткен жан-жарамды күлкімен бүркедім.
– Кейде мен сізге қарап отырып қызығам. Қазір 
аз ғой... аз ғой сіз сияқты адамдар. Шын сөзі. Түрі-
нен білініп тұр. Өйткені жүзіне мұңның табы ойнап 
шыға келіпті. 
Несі бақыт. Бала күннен бері жүрегімде пайда 
болған алапат сезім әлі күнге дейін маза бермей ке-
леді. Сол сезім ғой менің бал күлкімді ұрлаған. Құр-
быларым алаңсыз күліп-ойнап жүргенде «неге» деген 
сұраққа бас қатырумен болыппын. Алдыға қарай бір 
қадам басқан сайын сүріне бердім. Түсінбеймін. Жо-
жоқ, керісінше мені ешкім түсінбейді. Адамдар үшін 
жұмбақпын. Сол үшін де қызыға қарайды. 
Шаршаппын. Неге екені белгісіз, ағыл-тегіл жы-
ладым. Өзімнен-өзім. Оңашада. Оңашалық сыр-
ласым болып алған. Қашаннан бері осы. Ешкімге 
білдірген емеспін. Cырт көзге бақытты көрінетінім 
де сондықтан ғой...
Көз жасым мен барлық қайғы қасіретімді баққа 
қалдырып, үйге келдім. Табалдырықты аттай бере 
фортопианоның тілдерінен төгілген мұңды әуен 
алдымнан леп болып төгілді. Бетховен, жо-жоқ, 
Моцарттың азалы шығармасы. Мұңды. Тұңғиыққа 
жетелейді. Онсыз да жетімсіреген жүректі жүде-
тетін әуен. Төргі бөлмеге оздым. Осы сәт пиани-
но тілдерінен төгілген нота дыбысы тар бөлмеде 
ызыңдап тұрып қалды. Ол ойнауын кілт үзді. 
– Қайда болдың? Жауап бергім келмеді. Күн-
делікті бір әуен, бір ғана сұрақ. Күндегісі осы. Мел-
шиіп тұрдым да қойдым. 
– Қандай сорақылық, өз үйіңде өз әйелің жауап 
бермейді.
Үнсіздік. Шіркін-ай, мәңгілік үнсіздік орнаса ғой 
жер бетінде.
– Түсінбейсің. Сенің мені түсінгің де келмейді. 
Ең құрымағанда жансыз мына жәшіктен де сорақы 
болды менің халім.
– Сонда менің не істеуім керек? Неге біз осы 
адамдардың өзімізді түсінгенін қалаймыз.
– Сен менің әйелімсің.
– Сондықтан да менің бар нәрсеге төзімділік та-
нытуым керек. Бірақ әр нәрсенің шегі бар ғой. Неге 
өнбейтін бір істің шетін шығара беруден шаршамай-
сың? Талантымды қадірлемеді деп көпке топырақ 
шашпақшымысың. Олай ренжуге қандай құқың бар? 
Және ғұмыры қысқа шығарманың өмірге келмей-ақ 
қойғаны жақсы.
Қатты айттым. Тілімді тістей қойдым. Хақым жоқ 
еді ғой бұлай айтуға. Бірақ айтылды. Айтылған сөз 
атылған оқпен тең. Көзі қанталап, дір-дір етіп жетіп 
келді. Қол көтеруге дәрмені жетпегендіктен, басын 
ұстап бүгіле берді. Өз күйеуіңнің дәрменсіздігін 
көруден азаптың жоғын ұқтым. Мен керісінше қатая 
түстім. Сазарып, қанымды ішіме тартып тұрып қал-
дым. Ол барды да қолына түскен темірмен жазық-
сыз фортопианоны ұрғылай бастады. Тілдері көкке 
ұшып жатты.
– Мә, саған, ақыр түкке керегі болмаса. Кімге 
керек, неге керек.... Еңіреп отыра кетті.
– Қандай бақытсыз едім....
Бірақ бұл сөзді өзімнен басқа ешкім естімеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет