Ғабдолла Ахметжанов,
Рудный қаласы.
Абай- абыз
Бусаңыз бір мақсатқа беліңді шын,
Әрқашан адал доста – сенің күшің.
Ішінен көп адамның таңдап алғын
Сапарға шығар кезде сенімдісін.
Дұшпаның қарай алмай қаймана ма,
Доспын деп бірі жіпсіз байлана ма?
Адамдар аспандағы жұлдыз сынды,
Аударшы назарыңды айналаға.
Көз салшы, бір жұлдыз тұр жарқыраған,
Өзіңе жақын келіп, «хал сұраған».
Бірақ ол сене көрме
Ай жанына
Келгенде күші кетіп, қалтыраған.
Ал «Жеті қарақшы» бар шыр айналған,
Әркімге ұйымшыл боп ұнай қалған.
Дұрыс жол сілтемейді,
Сене көрме.
Сен оған ере қалсаң, құлайды арман!
Білсеңіз су суытқан «Сүмбілені»,
Кірпікке күміс қырау ілдіреді.
Мезгілмен келіп-кетіп жүргендер көп,
Абырой әкелерін кім біледі?!
Тұрса да Түн – қоғамда құбылып ән,
Зер салып көк әлемнің сырын ұғам.
Жұлдыз бар мен білетін – «Темірқазық»,
Тапжылмас таң атқанша тұғырынан.
Жатқанда ашық алаң – өмір жазық,
Жүйрік ой – Құлагердің белін жазып,
Тура тарт! Тәуекел деп таулардан ас,
Жол сілтеп алдында тұр – «Темірқа-
зық»!
Достарыңызбен бөлісу: |