8 ақпан 020 жыл жұма №24 (18976) Қасқырбай Қойшыманов



Pdf көрінісі
бет44/104
Дата28.02.2022
өлшемі7,44 Mb.
#133634
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   104
Байланысты:
Nomer 024

Ш.АҢСАҒАНҚЫЗЫ.
Оқу-жаттығу 
шаралары басталды
Бүгінгі күн тәртібіне қойылған 
ең өзекті, тағдыршешті мәселенің 
бірі – қазақ тілін латын әліпбиі-
не көшіру. Тарихи тамыры терең 
тұғырлы тілімізді түлетіп, сана-
мызды сілкінткен, заманның өзі 
талап еткен бұл бастама көпшілік-
тің қызу талқысына түсті. 
«Қоғамдық сана жаңғырудың 
негізгі қағидаларын қалыптастыр-
уды ғана емес, сонымен бірге, 
біздің заман сынағына лайықты 
төтеп беруімізге қажетті нақты 
жобаларды жүзеге асыруымыз-
ды да талап етеді. Осыған байла-
нысты, алдағы жылдарда мықтап 
қолға алу қажет болатын жоба 
біріншіден, қазақ тілін біртіндеп 
латын әліпбиіне көшіру жұмыста-
рынан бастауымыз керек», деген 
еді Елбасы Нұрсұлтан Назарба-
ев «Болашаққа бағдар: рухани 
жаңғыру» бағдарламалық мақа-
ласында.
Уақыт сынынан өткен өмір-
шең латын графикасын қазіргі 
таңда әлем халқының 80 пайы-
зы меңгерген екен. Әлемде көп 
таралған жазбаның бірі – латын 
алфавиті екенін, әлемдік ақпа-
раттың 70 пайызы осы таңба-
мен таратылатынын, ғылымның 
тілі, халықаралық терминдер, 
формулалар да негізінен латын 
әріптерімен жазылатынын еске-
рер болсақ, жаңа әліпби бізге зор 
мүмкіндіктер туғызады. Латын 
жазуына көшу бүгінгі күннің ке-
зек күттірмес қажеттілігі екенін, 
латын жазуы әлемдік өркениет-
ке бағыттайтын күре жол бола-
тынын қазақстандық әр азамат 
білуге тиіс.
«Мәңгілік ел» болып қалып-
тасу – жарқын болашаққа бастар 
жол болса, латын әліпбиіне кө-
шу-уақыт талабы. Азияның кін-
дігінен ойып тұрып орын тепкен, 
бүгінде бірнеше елдермен бәсе-
келестік орнатып, терезесі тең 
тұрған, 18 миллион халқы бар 
бүтіндей бір мемлекетті бір ғасыр 
бойы қолданып келген «кирилл» 
қарпінен латын әліпбиіне көшіру 
– бір айда немесе бір жылда жүзе-
ге аса салатын оңай іс емес. Мұн-
дай үлкен жобаны іске асыру үшін 
біршама уақыт пен еңбектің қажет 
екендігі белгілі.
Ұлы Дала елінің тарихына 
көз жүгіртсек, бірінші тұғыры 
байлық – жер, екіншісі – тіл, 
үшіншісі – мемлекет және оның 
тарихы болуы керектігі айқында-
лады. Ағартушы-педагог ғалым 
Ахмет Байтұрсынұлы айтып 
кеткендей, «Ұлттың сақталуына 
да, жоғалуына да себеп болатын 
нәрсенің ең қуаттысы – тілі» де-
ген. Алаш қайраткерлері де латын 
әліпбиін жазу-сызуда қолданды. 
Біздің елімізде латын қарпі іс-
қағаз құжаттарында, әдебиет, 
мәдениет және басқа да барлық 
салаларда 1929-1940 жылдары 
пайдаланылғаны тарихтан бел-
гілі. Латын әліпбиі әлемде кеңінен 
қолданылады. Орта ғасырда латын 
әліпбиі Еуропаға тарады. Африка, 
Америка және Азия халықтары 
пайдаланды. Қазіргі латын әліп-
биінде 32 әріп бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет