ЖИЫРМА БЕСІНШІ СӨЗ
Балаларды оқытқан да жақсы, бірақ құлшылық
қыларлық қана, түркі танырлық қана таза оқыса бо-
лады. Оның үшін бұл жер дарулхарап, мұнда әуелі
мал табу керек, онан соң араб, парсы керек. Қарны
аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға
құмарлық қайдан тұрсын? Ашап-ішімге малдың
тапшылығы да ағайынның араздығына уә әртүрлі
пәлеге, ұрлық, зорлық, қулық, сұмдық секілді нәр-
селерге үйірлендіруге себеп болатұғын нәрсе. Мал
тапса, қарын тояды. Онан соң, білім түгіл өнер ке-
рек екен. Соны үйренейін не балама үйретейін деп
ойына жақсы түседі. Орысша оқу керек, хикмет те,
мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста тұр. Зара-
рынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін,
оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі олар
дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін
білсең, көкірек көзің ашылады. Әрбіреудің тілін,
өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына
кіреді, аса арсыздана жалынбайды. Дінге де жақсы
білгендік керек. Жорғалықпенен көңілін алсам екен
деген надан әке-шешесін, ағайын-жұртын, дінін,
адамшылығын жауырынынан бір қаққанға сатады.
Тек майордың күлгені керек деп, к...і ашылса да, қам
жемейді. Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті,
оны білгенге дүние арзанырақ түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |