(Жалғасы газеттің келесі санында) 28 ақпан 2020 жыл 10
Қара сөздер
25 ақпанда «Көктем-2020» ре-
спубликалық командалық-штаб-
тық оқу-жаттығуы басталды, деп
хабарлайды облыстық ТЖД бас-
пасөз қызметі.
Оқу-жаттығуға азаматтық
қорғаудың облыстық қызметтері:
орталық және жергілікті атқарушы
органдар, авариялық-құтқару қыз-
меттері мен құрылымдары қаты-
сады. Басқару штабы облыс орта-
лығында орналасқан.
Оқу-жаттығу шеңберінде ор-
талық және жергілікті атқарушы
органдардың өзара іс-қимылда-
ры және құлақтандыру, прак-
тикалық су тасқынына қарсы
іс-шараларды, азаматтық қорғау
құрылымдары күштерінің және
халықтың су тасқыны кезеңінде
іс-қимылдары бойынша арнайы
-тактикалық жаттығулар өткізу,
сондай-ақ азаматтық қорғаудың
мемлекеттік жүйесінің аумақтық
және салалық кіші жүйелерін көк-
темгі ТЖ қаупі туындаған кездегі
міндеттерді орындауға жоғарғы
әзірлік режиміне келтіру мәселелері
пысықталды.
Оқу-жаттығудың бірінші күні
орталық және жергілікті атқарушы
органдардың басқару органдары
мен күштерін дайындыққа келтіру
үшін дабыл қосылды. Сонымен қа-
тар, функционалдық міндеттерді
орындауға дайындығы туралы
облыстың жедел топ басшылары
тыңдалды.
Облыс орталығының үш жерін-
де авариялық-құтқару қызметтері
азаматтық қорғау құралдарымен
арнайы оқу-жаттығу жұмыстарын
жүргізді.