8 ақпан 020 жыл жұма №24 (18976) Қасқырбай Қойшыманов



Pdf көрінісі
бет46/104
Дата28.02.2022
өлшемі7,44 Mb.
#133634
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   104
Байланысты:
Nomer 024

Суретті түсірген 
Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
«Абай» қойылымы
 сахналанды


12
28 ақпан 2020 жыл
Ұлыдан – ұлағат, жақсыдан – шапағат
Дегендей-ақ «оны бір шайтан түрткен»,
Бір қызықтың боларын ұзақ күткен.
Селфигүл ұзақ ойланды,
«Қайтсем екен?» – деп толғанды.
Кенет «таптым», – деп қуанды,
Елге танылу керек,
Комментарий ағылу керек,
Ол үшін селфи жасаймын,
Сосын желіге жүктеймін,
Қалай да ат шығару керек
Бұдан артық күтпеймін.
«Атың шықпаса жер өрте»
Деген сөз бар
Одан селфи тәуір емес пе,
Әлемнің бәрі көреді,
Көріп бағасын береді,
Биікке шығып салбырап тұрам
Көптің назарын бұрам
Мобильге түсіріп алам 
Жүректі екенімді көрсін,
Жігіттер «керемет» десін.
Осы ісі мақұл көрініп,
Ойы он саққа бөлініп,
Мойнын көкке созған
Кранға өрмеледі.
Ұшар басына шықты.
«Айтады» – деп көргендер,
«Мынауың қалай мықты»
Қос аяғын биікке іліп қойып,
Екі қолын төмен салбыратты
Өзін-өзі суретке алып жатты.
Соңы не болды дейсіздер ғой,
Қыз өзін жиып ала алмады,
Көріп тұрғандар қыздың,
Құлайтынын бағамдады.
Көпшілік жан ұшырып,
Кілем ұстап, төменде
Тосып тұрды.
Ақыры бикештің қолы талып,
Төмен қарай құлады.
Көп адам тосып алды,
Абырой болғанда аман қалды.
Үлкендер сұрап жатыр:
Бұл қандай өнер.
Онысы несі?
Бұларға бірдеңе көрінер.
Жастардың бірі жауап берді:
– Бұл өнерді сельфи, - дейді.
– Биікке шығып алып,
Аяғыңды көтеріп,
Бірде жоғары кеңкейесің
Кейде төмен қарай еңкейесің
Құласаң «анда» кетесің,
 Ауылдың шетін нұсқады.
Құламасаң көпті тәнті етесің.
Қария айтты:
– Одан да өнер-білімге
Ұмтылып таласпай ма,
Сол ғана жараспай ма?
Бүйтіп ат шығарғанша,
Жан қысылғанша
Жайына жүрген тыныш қой!
– Иә сіздікі де дұрыс қой.
Ат шығаруын шығарды-ау,
Алайда Сельфигүлдің,
Осыла жаздады ойыны
Құтқарып қалушылар:
«Бикеш-ау!-деді қой мұны.
Елемес Серікбаев,
Рудный қаласы,
Қашар кенті.
Өмір-дәурен! Аяғы не, басы не,
Жалған дүние болған емес бәсіре.
Көгің күліп, жер жадырап жеттіңіз,
Тіршіліктің дәл бүгінгі сәтіне.
Жарастырар әулет, ұрпақ бәрін де,
Асыл жандар – өмір жыры, сәні де.
Симфония сазындай бір тамаша,
Таңғажайып күн кештірер әнімен!
Ғибрат- ғұмыр бетін түзеп әріге,
Өрлей берсін көрер жылдар мәні де!
Ұлы құдірет жарылқасын сый етіп,
Екі мүшел өмір жасын әлі де!
Көрер таңның киесі әр кез қорғасын,
Арайлы нұр сәуле төгіп қолдасын.
Қызығы мен қызуы мол сексен жас
Ғұмырыңның шаттық күйін толғасын.
Көп ішінде мәртебеңіз бір бөлек,
Ұстаз, шәкірт Сізді ерекше жүр елеп.
Заманауи үлкен білім ордасы,
Құрмет пен сый, ілтипатқа жүр бөлеп!
Сүйікті Әже, Анасы боп баланың,
Мақтанына айналдыңыз далаңның.
Ұрпақ-өрен қанат жайсын өркендеп,
Қабыл болып айтқаны ақын ағаның.
Текті әулеттің жетер жері, өрі-шың,
Асыл аяш керек өмір төрі үшін.
Алыс- жақын, туыс-бауыр сүйсінер,
Жазиралы жайлау болсын өрісің!
Жалған дүние күрделі сын, көндің шын,
Дәрменсіз боп мойымадың, көрдің шың!
Тянь Шаньыңның Хан Тәңірінен бас алған,
Көксу, Текес тау суындай мөлдірсің!
Баурайында туып осы Тянь-Шаньның,
Нарынқолда өмір таңын қарсы алдың.
Киелі аймақ жыршыл рухы қанат боп,
Көкте самғап дүниеге жар салдың.
Ақыл- оймен нардың жүгін көтерген,
Зұлқарнай да ел парызын өтеген.
Бір әулеттің патшасындай жан еді ол,
Алыс- беріс шаруасы жоқ бөтенмен.
Қошеметін көріп егде, жастың да,
Алла жар боп сан қырқадан астыңдар.
Зұқаңменен егіз дарын сияқты,
Қостанайдың көк аспаны астында.
Құрметтейді ел, зиялы қыз нар ұлын,
Бұл жалғанда арта берсін қадырың.
Бақыт көші – ғұмыр жасың ұзақ боп,
Сарқылмасын жүректегі от, жалының!
Артта қалып жүйрік жылдар, дүлдүл күн,
Келе қоймас қайта оралып күн-гүлің.
Көкірегіңнен ертелі - кеш өшпесін,
Өмір сүйген әуезді, әсем бұлбұл үн!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет