Жолбарыс Баязид,
ақын,
Қазақстан Жазушылар
одағының мүшесі.
• Әйел – үйдегі ырысың, Ұл – айбар-
лы қылышың. Қыз – түздегі өрісің, Келін
– кеңейген тынысың. Олақ – міншіл, Қыз-
ғаныш – күншіл. Сырғақ – сыншыл, Бос
сөз – былшыл.
Ескелді би.
• Саналы адам сағыңды сындырмас,
Санасыз адам жағыңды тындырмас.
• Ішімдегім – түрімде, түрімдегім –
тілімде.
• Қарны ашып өзегі талғанда, еш-
кімге қол жаймай, қорек тауып ішкен
адамды Ұлы дер едім...
Әбу Насыр әл-Фараби.
• Бала өсіргің келсе дана жүректі,
Қатты ұста, үйрет білім ізетті
Жүсіп Баласағұн
• Ынсапсызға ерік берсең, елді та-
лайды.
М. Қашқари
.
• Білмесіңе пікір айтпау – қарапайым
заңдылық:
Бос сөзіңнен үнсіз қалу әлдеқайда
таң қылық.
Насыр Хұсырау.
Атын шығарам деп…
(сықақ)
Ғèáðàò - ғұìûð
(Гүлсара Шолпанбай қызына)
ЖАҚСЫ СӨЗ – ЖАРЫМ ЫРЫС
Кімсің, Абай, өзгеге ұқсамаған,
Түсінік, іс-қимылы, басқа қадам?!
Заманынан жұлдыздай дара тұрған,
Абай заңғар, ұмтылар нұсқамаған.
Бағдаршам боп, реттеп адымымды,
Жетеледің қияға қадамымды.
Адастырмас құсжол ғып сызып кеттің,
Фаниден бақи асар базарымды.
Адамды сүй, пәнденің бәрі бірдей,
Ақ қара бірі сары түсті демей.
Олардан өнер білім ұқсата біл,
Шырын жиған бал ара тірлігіндей.
Қадірін біл жер судың ата-ананың,
Өйткені сен солардан жан нәр алдың.
Алладан соң құдірет осы төртеу,
Соған арна асылын қолда бардың.
Махаббат мөлдір терең сезім дедің,
Өрелі өміріңмен дәріптедің.
Өзі де білмей ме? деп салмақ артып,
Ерікті іңкәрлікті қадірледің.
Ескерттің мерез дерттен аулақ бол деп,
Қайрадың асыл іске асық бол деп.
Өзіңді шыңыраудан алып шығар,
Ақыл, қайрат – досыңа ғашық бол деп.
Мыңмен жалғыз алысқан баһадүрсің,
Жеңіп бәрін биікте дара тұрсың.
Мыңдар түгіл милиондар мақұлдаған,
Сөз зергері теңдессіз нақыл жырсың.
Өзіңмен иықтасар тіл мен жақ жоқ,
Қаласың бар қазаққа үлгі дақ боп.
Өмірін өнегеңе өргендерге,
Түнекте адастырмас шам-шырақ боп.
Тоналған тағдырыма дәруменсің,
Жұтаған тіл діліме дару сенсің
Оралтар қасиетті тұғырыма,
Нысана, Темірқазық қару сенсің.
Достарыңызбен бөлісу: |