зерттеу объектісі
– зерттеушінің назарын аудартатын, зерттеу
субъектісінен тәуелсіз өмір сүретін белгілі бір үрдіс, құбылыс. Мысалы, тәрбиелеуші
қарым-қатынастардың субъектілерінің даму үрдісі, жаңа білім беру жүйесінің қалыптасу
үрдісі. Бастауыш мектепті немесе жастар клубын зерттеудің объектісі деп алуға
болмайды, себебі бұлар зерттеудің нақты базасы, немесе тым кең сала, оның барлық
элементтерін бір жұмыстың аясында зерттеу мүмкін емес болып табылады.
Зерттеу пәні
өзінің мазмұны бойынша нақтырақ: зерттеу пәнінде жұмыс барысында
арнайы терең зерттеуді қажет ететін объектінің қасиеті немесе объектідегі қарым-қатынас
жинақталады. Бір объектіде бірнеше пәндер ажыратылуы мүмкін. Пәнге осы жұмыста
зерттелетін элементтер, байланыстар мен қатынастар енеді. Сондықтан зерттеу пәнін
анықтау дегеніміз зерттеудің шекараларын белгілеуді білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |