Білім беру бағдарламасы «Білім тобы» мамандықтарына арналған Құрастырушы : Ергалиева Г. А. п.ғ. к., доцент



Pdf көрінісі
бет16/70
Дата28.02.2022
өлшемі1,29 Mb.
#133715
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70
Байланысты:
гылыми пед умкд маленкий

 
 
№ 3 дәріс тақырыбы: Білім беру ұйымдарында тәжірибелік-ізденіс жұмыстарын 
ұйымдастыру. Зерттеудің қисындық (логиикалық) құрылымы. 
 
Жоспары: 
1.
 
Зерттеу қисыны туралы түсінік.
 
Зерттеудің проблемасы және тақырыбы 
2.
Ұжымдық кешенді зерттеуді ұйымдастыру кезеңдері
 
3.
Ізденіс жұмыстарын өткізу шарттары 
 
Мақсаты:
мұғалімнің теориялық және практикалық іс-әрекетін ұйымдасты-
руда әдіснаманың ролі туралы ұғымды қалыптастыру. 
Тірек ұғымдар:
Зерттеу, тәжірибе, логика 
 
Зерттеуді ұйымдастыру көптеген факторларға тәуелді. Ең маңыздысы – зерттеудің 
түрлері, яғни зерттеу ұжымдық, кешенді немесе жеке болуы мүмкін. Ұжымдық зерттеу – 
бұл жалпы тақырып бойынша жұмыстанатын зерттеушілер тобының әрекеті. Олардың 
әрқайсысы жалпы мәселенің белгілі бір бөліктерін қарастырады. Кешенді зерттеу 
ұжымдық зерттеудің түрі болып табылады. Ол көппәнділігімен (бірнеше зерттеу пәнінің 
болуы) және көпжақтылығымен сипатталады. Мысалы, психологиялық, әлеуметтік-
педагогикалық, технологиялық, басқару жақтарын біріктіріп, нәтижесінде жалпы 
педагогикалық және ұйымдастырушылық-педагогикалық қорытындылар, модельдер, 
ұсыныстар түрінде беруі мүмкін. Жеке зерттеуді жалғыз бір адам жүргізеді.
Ұжымдық кешенді зерттеуді ұйымдастыру кезеңдері: 
1 кезең – бағыттаушы: елдегі, аймақтағы, қаладағы (аудандағы) немесе шағын аудандағы 
білім беру ситуациясын объективті талдау және баға беру, қоғам мен мемлекеттің білім 
берудегі әлеуметтік тапсырысын, тұрғындардың сұраныстарын, білім беру нарығының 
талаптары мен сұраныстарын, мәселелерін зерттеу. Бұл кезеңді ұжымдық зерттеудің 
жетекшісі немесе белсенді қатысушысы көмекшілермен бірге (психолог, әлеуметтік 
педагог, ғалым-педагог, пән мұғалімі, валеолог жәнет.б.) жүргізеді. 
2 кезең – диагностикалық: зерттелетін педагогикалық үрдістер мен құбылыстардың даму 
деңгейі, мәселенің шешудегі қазіргі тәжірибені зерттеу. Негізінен бұрыннан белгілі 
әдістер мен әдістемелер қолданылады.
3 кезең – мақсат қою: бастапқы теориялық тұрғылар, зерттеудің мақсат-міндеттері 
анықталады, болашақ модель жобаланады. 
4 кезең - өзгерту, зерттеудің жұмыс уақыты және көлемі бойынша негізгі кезең. 
Жоспарланған жұмыс (эксперимент, авторлық бағдарламаларды және жобаларды жасау 
және жүзеге асрыу, жаңартылған технологияларды, басқару модельдерін енгізу) 
орындалады.
5 кезең – қорытындылау: диагностикалау, жалпылау, нәтижені интерпретациялау және 
бағалау, есеп беру, педагогикалық басылымдарда жариялану, енгізілетін құжаттар (оқу 
жоспары, бағдарламалар, ұсыныстар, қағидалар және т.б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет