Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет20/185
Дата02.03.2022
өлшемі1,92 Mb.
#133929
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   185
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

сандық
және 
сапалық
болады. 
Сандық болжаулар, мысалы, күтілетін салымдар көлемі (ағым-
дық деңгейден пайыздық есеппен), сапалықтың, мысалы, өнім-
нің қандай да бір түрінен күтілетін табысы. Сондай-ақ құрама 
жоспарлық болжаулар да (сандық-сапалық) бар. 
Жоспарлық болжаулар ұйымның шағын бақылаулық дәре-
жесі бойынша ажыратылады: 

бақыланбайтын, бірақ жақсы болжанатын болжаулар – 
халық саны өсуінің динамикасы, салық саясаты, т.с.с.; 

бақыланатын болжаулар – жаңа нарықтарға шығу, ғы-
лыми зерттеулердің интенсификациясы; 

шағын бақылаудағы – кадрлар ағымдылығының деңгейі. 
Жоспарлық болжаулар айқындалу дәрежесінің өлшемі 
бойынша детерминистік (салыстырмалы кепілдікті) және сто-
хастикалық (ықтималдық) болып бөлінеді. 
Басқару тәжірибесінде 
бірінші
 
және 
екінші
 
жоспарлық бол-
жаулар түрлері болады. Бірінші болжаулар жалпы сипатта бо-
лады, бірақ олар кейінірек болжаудың келесі қадамына арнал-
ған материал ретінде қолданылады. Сондықтан олар болжау-
лардың нәтижелері де, оның алғышарттары да болып табыла- 
ды. Бастапқы болжамдар бұл процестің барысында нақтыла-
нады. Әрі қарай жоспарлық болжамдарды («үшінші») әлдеқай-
да мұқият жасаған жөн. Жалпы болжаулардан әлдеқайда нақ- 
тыларға өту, олардың уақыт бойынша ауысуы болжау процесі- 
нің негізгі мазмұны болып табылады. Бұл процесс бір мез- 
гілде иерархиялық ұйымның сипаттарын алып жүреді, өйт- 
кені әртүрлі кезеңдердің жоспарлық болжаулары жүзеге аса- 
тын болжауларды нақтылаудың әртүрлі деңгейлерінен көрі- 
неді. 
Болжаулардың басқа жіктемелері мен типтері де бар. Бұл – 
жетекшінің жеке күш-жігері мен ұйым құрамындағы жекелеген 
топтың (кеңесшілер, болжау жөніндегі сарапшылар) бірлескен 
іс-әрекетінің нәтижесі ретіндегі жоспарлық болжамдар. 


51 
Болжаудың уақытша перспективалық көрсеткіштерін қол-
дана отырып, ұзақ мерзімдік, орта мерзімдік және қысқа мер-
зімдік жоспарлық болжамдар түрлерін ажыратуға болады. 
Жалпы алғанда, болжау қызметі кешенді және көп аспектілі, 
ол басқарудың барлық кезеңіне және міндеттеріне қосылған. 
Басқару теориясында әлдеқайда жалпы, мазмұндық көрсеткіш-
терге негізделген, басқару процесі типтерінің тағы да бір жік-
темесіндегі болжаудың бес типі: 
– 
экономикалық
 
болжау
экономиканың немесе нақты 
ұйымның жалпы күйін болжап айту; 
– 
технологиялық
 
болжау
– жаңа технологияларды жасауды 
болжап айту, бұл қай кезде болуы және экономикалық зар-
даптары қандай болуы мүмкін; 
– 
өткізуді
 
жоспарлау
– ұйымның өнімін сату мәселесіне 
байланысты, бұл кез келген ұйым іс-әрекеті үшін болжаудың 
негізін білдіруші типі; 
– 
бәсекелестіктің
 
дамуын
 
болжау
бәсекелердің стратегиясы 
мен тактикасындағы мүмкін өзгерістер туралы болжаулар; 
– 
әлеуметтік
 
болжау
 
– тұтастай қоғам күйінің өзгерулерін 
және адамдардың әлеуметтік ұстанымдарын болжап айту. 
Болжау дамудың жоғары деңгейіне жеткен маманданды-
рылған сала болып табылады. Онда негізгі үш топтан тұратын 
айрықша әдістер қарастырылады: болжаудың «бейресми»,
сандық және сапалық әдістері. Соңғы топтың әдістері әлдеқайда 
жетілген. Болжаудың сандық әдістері – бұл «уақыттық қатар-
ларды талдау» және казуальдік (себеп-салдар) модельдеу әдіс-
тері. Уақыттық қатарларды талдау әдісі өткеннің ағымын анық-
тауға негізделген және олар әрі қарай болашаққа ұзартылады. 
Казуальдік модельдеу – болжанатын факторлар мен басқа да 
өлшемдер арасындағы статистикалық тәуелділіктерді талдау 
арқылы болжау. Сапалық әдістер көп, бірақ олардың дәлдігі 
төмен. Бұлар – «әділ қазылар», «өткізушілердің жиынтық пі-
кірі», «тұтынушының күтуі», т.б. әдістер. 
Соңғы кезде компьютерлік техниканың дамуына байланыс-
ты полисценарлық (көпвариативтік) болжаудың рөлі өсе түсті. 
Жоспарлық болжаудың бірінші салыстырмалы жүйелеріне 
параллель жасалуда. Олардың әрқайсысының ішіндегі жекелеген 


52 
болжаулар мазмұны және жайылу хронологиясы бойынша 
келістіріледі; бұл – бақыланатын жоспарлық болжаулар катего-
рияларына негізделген сценарийлер. Салыстыру нәтижесінде ең 
ыңғайлы сценарий анықталады. Сценарийлердің негізгі үш түрі 
бар: 
– 
оптимистік
– экономикалық және әлеуметтік перспекти-
валар қолайлы болады; 
– 
реалистік
 
– экономикалық және әлеуметтік перспектива-
лар өз орнында қалады; 
– 
пессимистік
 
– экономикалық және әлеуметтік перспекти-
валар қолайсыз болады. 
Поливарианттық (скриптілік) тұрғыдан болжаудың негізгі 
мәселесін болжау қатаңдығын олардың қажетті икемділігімен
сыртқы орта факторларының ықпалы арқылы сабақтастыруды 
шешуге көмектеседі. 
Болжау қызметі жетекшіден оның барлық зерделік және 
психологиялық мүмкіндіктерін жұмылдыруды талап етеді. 
Мақсат қою қызметіндей, болжау қызметінде де адамның 
психикалық құрылымы ұқсас. Бұл – арнайы психологиялық 
ұғымдармен, яғни алдын орау көрінісімен, ықтималдық болжау-
мен, оқиғаны болжап білумен (антиципация) сипатталатын бол-
жаудың психикалық процесі. Сондықтан ол жетекшінің іс-әре-
кетіндегі болжау қызметін жүзеге асыруға арналған психоло-
гиялық негіз болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет