229
бiрлерiне, дау-дамайдың себеп-салдарына деген эмоционалдық
реакциясы. Мiне, осы екiншi аспект тұлғаарлық дау-дамайдың
ерекшелiгi болып саналады, өйткенi әлеуметтiк-саяси, т.б. дау-
дамайларда бұл сипат жоқ.
Тұлғааралық дау-дамайдың пайда
болуына әкелетiн негiзгi
себептер: үйлесiмсiз, қарама-қарсы мүдделер, қажеттiлiктер,
құндылықтар, ал оларды бiрдей, бiр уақытта қанағаттандыру
қиын мәселе болғанда туындайды. Әсiресе, құндылыққа байла-
нысты пайда болған дау-дамай өте күрделi, өйткенi бұл кезде
субъектiлердiң үстем бағыттары анықталады.
Тұлғааралық дау-дамай кезiнде
адамдар бiр-бiрiмен бетпе-
бет, тiкелей кездеседi. Олар дау-дамайға өзiнiң бойында ерек-
шелiктерi, қасиеттерi мен қабiлеттерi бар индивид ретiнде енедi.
Сондықтан дау-дамайдың қатысушылары нақты қақтығыс жағ-
даятын әртүрлi, өзiнше қабылдайды және түсiндiредi. Соған
байланысты даудан шығу жолы мен әдiсi туралы әртүрлi көз-
қарастарын бiлдiредi.
Тұлғааралық дау-дамайдың ең көп көрiнетiн жағы: бiр-бiрiн
кiнәлау, ұрыс, жала жабу, қорғану, т.б. Бұлар қарым-қатынастың
барлық саласына тән: отбасылық қатынастан – материалдық
ресурстарды бөлуге дейiнгi мәселелердi қамтиды.
Дау-дамай ең алдымен нақты бiр себептен басталып, бiртiн-
деп өсе келе, қарым-қатынастың әртүрлi жақтарын қамтып ала-
ды. Бұл кезде көбiнесе дау-дамайдың
эмоционалдық жағы маз-
мұнды жағын басып алады. Әсiресе отбасылық дау-дамайда бұл
үдеріс жиi көрiнедi.
Мысал ретiнде мына жағдаятты алып көрейiк. Бiр отбасында
күйеуi бар уақытын жұмысына бөлсе, үйдегi барлық шаруа,
баланы тәрбиелеп өсiру
әйелiнiң мiндетiнде. Мектептi бiтiрген
үлкен қызы жоғары оқу орнына түсем деп, емтиханнан өтпей
қалады. Мiне осы жағдайдың нәтижесiнде күйеуi әйелiн кiнәлай
бастайды. Ол әйелiне «Сен не ақша таппайсың, не баланың бо-
лашағын дұрыс ұйымдастырмайсың, Мiне, көрдiң бе нәтиже-
сiн?! Сендер үшiн дұрыс жұмыс iстей алмайтын болдым...» деп
ашуланады. Бұған әйелi «Сен отбасыңа уақыт бөлмейсiң» деп
жауап ретiнде шағымын айтады. Осындай күнделiктi дауға шы-
дай алмаған олар конфликтологқа келедi.
230
Бұл дау-дамайдың мазмұнды жағы қыздарының оқуға түсе
алмауы,
оның болашағы, т.б., бiрақ мәселе дами келе отбасы
мүшелерi арасындағы қатынасты бұзды. Нәтижесiнде мәселенi
шешудiң орнына, эмоциялар көбейiп, iс жайымен қалды. Осын-
дай кезде төмендегiдей сұрақтар туындайды:
жағдаятта адамдарға қалай көмектесуге болады?
кеңес беру керек пе, т.б.
Осы сұрақтарға жауап беру үшiн тұлғааралық дау-дамайдың
даму заңдылықтарын, онымен жұмыс iстеу әдiсiн бiлу керек.
Тұлғааралық дау-дамайдың себебiн анықтау үшiн қатысу-
шылардың психологиялық ерекшелiгiне,
көзқарасына, iс-әре-
кетiне, нақты жағдаятқа терең, жан-жақты талдау жасау керек.
Тiкелей әсер еткен себептердi көру үшiн адамның негiзгi
қажеттiлiгiне үңiлу керек (оған тамақ, қауiпсiздiк, әдiлеттілiк,
т.б. жатуы мүмкiн). Конфликтологтар
тұлғааралық дау-дамай-
дың себебі мен қозғаушы күштерiне байланысты
Достарыңызбен бөлісу: