Байланысты: O 1179 u Sauattyly 1179 100 n 1201 s 1179 a
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education 298
Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз». Әмір Темір тарихтағы жер жүзін бағындырған ең ірі қолбасшылардың бірі.
1336 ж. Кеш ауылында туылған. Жақсы тәлім алған Әмір Темір 1370 ж.
Самарқандта таққа отырып Мәуренахрдың билігін қолына алды. Қытаймен Делиге
дейінгі бүкіл Азияны, Ирак, Сирия және Измирге дейінгі Анадолыны басып алды.
Қытайға жорыққа бара жатып 1405 ж 20 ақпанда қайтыс болды. Қабірі
Самарқандта. Өте данышпан және ұлы әмірші болған. Өте көп медресе және
кітапханалар аштырған.
Шағатай Мемлекетінің құрамындағы Ташкенттің әкімі болған әкесі Тарағай –
атақты Нақши шейхы Әмір Күлалды құрметпен жақсы көретін. Әмір Күлал Әмір
Темірге шәкірттерінен Шәмсәддин Күлалды ұстаз қылып тағайындады.
Самарқандтағы кесенесінде бас жағында ешқашан жанынан ажырамаған ұстазы
Мир Береке, дәл алдында Әмір Күлалдың баласы Омар жатыр. Әмір Темірдің
жастық шағында бір қақтығыс кезінде аттан құлап оң аяғы зақымданып, жарамай
қалады. Оң қолының екі кіші саусағы сынады. Осыған байланысты, әсіресе
дұшпандары оны Тимур – Ланг (парсыша -Ақсақ Темір) деп атап кетеді. Оның
үстіне 1941 жылы Кеңес Үкіметі тарапынан қабірі ашылған кезде, 1,70 метр
бойымен, оң аяғы ақсақ болған денесін көреді. Қабірінің сыртында «Мазарымды
ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады»деп жазылғаны
айтылады. Қазба жұмыстарының ертесіне Гитлер Кеңес үкіметіне шабуылдайды.
Әмір Темір 34 жасында Белх билеушісі болды. Шыңғыс ханның ұрпағынан
болған бір қызға үйленгені үшін Гурган (Күреган - ханның күйеу баласы) атағымен
танылды. Отбасылық абыройын арттырды. Жұрттың өзін Шыңғыс ханның
ізбасары деп танығаны үшін, бүкіл Түркістанға (Орта Азияға) билеуші болып Ұлы
Түрік хандығының тағына отырды. Сонымен қатар Шыңғыс ханның орынсыз
жойып талқандаған қалаларын қалпына келтірді. Басында қолдау көрсеткен Алтын
Орда ханы Тоқтамыс оған қиянат еткен кезде барып мемлекетін құлатты. Бұл,
тарихшылардың айтуынша, Әмір Темірдің ең үлкен қателігі болды. Осының
арқасында орыстар осы жерлерге дейін жайылып үлкен мемлекет құра алғаны
айтылады.
(278 сөз)
http://bilim-all.kz/article/3120-Amir-Temirdin-qaitys-boluy
7. Әмір Темірдің қабірі қай жерде орналасқан?
A) Басып алған жерінде
B) Таққа отырған жерінде
C) Жорықта жүрген жерінде
D) Туған жерінде
E) Қайтыс болған жерінде