328
Пайғамбарымыз
сыртқа шығып, ешкімге ештеңе айтпастан аяңдаған
күйі құрбандық түйесін ұстап, бауыздады.
Онан соң шаштараз хузаалық
Хыраш ибн Үмаййаны шақырып шашын кестіріп, сақал мұртын бастырды.
Мұны көріп сахабалар да түйелерін сойып, шаштаразға жүгірді.
"Құрбан шалуға асыққандары сондай, бірін-бірі басып кете жаздады",
- деп
кейіннен еске алған Үммү Сәлама.
Осы оқиға барысынан Үммү Сәлама анамыздың даналығына куә
боламыз. Деректерде "Үммү Сәламаның Худайбиядағыдай ақылды тоқтамын
Ислам тарихында бірде-бір әйел көрсете алмаған" делінеді.
Достарыңызбен бөлісу: