НӘЖАШИДІҢ ӨЛІМІ Рәжәп айы. Хазіреті Расулаллаһ бір топ сахабасымен әңгіме-дүкен
құрып отырған.
Кенет орнынан ұшып тұрды да:
"Осы сәтте сіздердің діндес, бауырларыңыз дүниеден өтті. Тез жаназа
намазға тұрыңдар", - деді.
Сахабалар сұрақ қоймастан Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) ұйып тілеулес
бауырларының жаназасын шығарады, яғни мәйіт жоқ жерде жаназа шығарып
ғайып намазын оқиды.
Намаз аяқталғанда Аллаһ Елшісі (с.а.у.): "Ниеттес бауырларыңыз
Нәжаши Асхаманың біліп-білмей жасаған күнәлары үшін Аллаһтан кешірім
тілеп, игі дұға бағыштаңыздар", - деді.
Сонда барып сахабалар Хабашстан билеушісі Асхаманың о дүниелік
болғанын түсінді.
Асхама хижреттің жетінші жылында мұсылман елшілердің уағызымен
муминдер санына қосылған-ды.