405
Сүйікті Айшасының кеудесіне басын сүйеген күйі
қасындағы су толы
ыдысқа саусағын батырып мүбәрак бетін сипады да "Лә иләһа иллаллаһ"
деді.
Көзін төбеге тігіп бір нүктеден айырмай жатып: "Аллаһым! Рәфиқул-
а'лаға - Ұлы Досқа қауышқым келеді", - деді тағы да. Хабибінің әрбір тілегін
қалт жібермей қабылдайтын Ұлы Аллаһ бұл жолы да сөйтті.
63 жасында Пайғамбарлар Сұлтанының мүбәрак
рухы тәнінен
айрылып, көкке - Рафиқул-а'лаға - Ұлы досқа көтерілді.
Адамзат тарихының ең ұлы тұлғасы Хазіреті Мұхаммед Мұстафа
саллаллаһу аләйһи уә сәллам хижреттің он бірінші жылында дүниеден озды...
...Расулуллаһтың (с.а.у.) пәк рухы
ғарыш төріне көтерілген сәтте,
айналасын қоршай отырған ақ некелілері марқұмның бетін шүберекпен
жапқан соң дауыс салған. Пайғамбарымыздың шаңырағынан естілген азалы
дауысқа
іргедегі мешітте халықтың, елдің, пайғамбардың тілеуін тілеп
елеңдесіп отырған сахабалар да өре түрегелген. Біреулері тілі күрмеліп, көз
жасына ерік берсе, екіншілері қазаны есітер-есітпес ойбайға басқан.
Батылдық пен қаһармандықтың символы
саналатын Хазіреті Омардың
өзі бұл қазаға егілгені соншалық, өз еркін билей алмай:
"Расулаллаһ өлген жоқ, Ол тірі. Кімде-кім Мұхаммед (с.а.у.) өлді
дейтін болса, қылышыммен жайратып саламын", - деп айқайлады.
Достарыңызбен бөлісу: