Жануарларды союды реттейтін стандарттар мен ережелері бойынша
әлем елдерінде біршама айырмашылықтар бар. Көптеген елдерде малдарды сою
жұмыстары заң арқылы емес сал немесе әдет
-
ғұрыптар арқылы реттеледі.
Мысалы кейбір арап мемлекеттері мен Үндістанда екі түрлі ет өндіріледі: соңғы
жабдықтармен жабдықталған механикаландырлған сою орындарында және
антисанитарлы жағдайларда базар маңында сойылған еттер.
Кейбір елдерде мал сою жұмыстары діни көзқарастардағы наным бойынша
жүзеге асырылады, мысалы мұсылмандардағы халал не болмаса иуда дініндегі
кашурут талаптарына сәйкес. Жоғарыда аталған нанымдар бойынша жануарлар
сою кезінде естерін жоғалтпауы және күйзеліс жағдайында болмауы қажет.
Швеция, Дания, Норвегия, Голландии және Швейцария елдерінде алдын
-
ала
токпен ұрып естерін жоғалтпай тұрып кошерлі және халалды союға рұқсат
берілмейді, себебі бауыздағаннан кейін көп уақытқа дейін жануар есін
жоғалпауы себепті, бұл әдіс өте қатал деп есептелінеді.
Кейбір елдерде белгілі бір түрге не болмаса класқа жататын жануарларды,
әсіресе адамдарға жеуге болмайды деп табу қойылған жануарларды союға
шектеу қойылған. Индуизм діні бойынша ірі қара малы киелі деп
танылатындықтан оны союға болмайды деп танылған. Алайда Индияның
кейбір штаттарында оны союға рұқсат берілгендіктен, бұл өз кезегінде діндар
адамдар тарапынан мемлекет басшыларына барлық штат бойынша бұған
шектеу қойылуы керек деген талаптар қойылуда. Сонымен қатар ірі қара малын
сою мен етін импорттауға Непал мемлекетінде де қатал шектеу қойылған.