27
деп, оқушының ой-өрісін, сөйлеп үйрену аясын тарылтып, ережелерді
құр жаттатып, айтқызушылық жиі кездеседі. Демек, оқулықтағы
жаттығу материалдарын ауызша талдату жұмысы оқушының ой-өрісін
дамытумен қатар ойын жүйелі айта білуге дағдыландырады.
Синтаксистік жаттығуларға пунктуациялық жаттығулар да
қосылады: мәтіндегі қойылған тыныс белгілерін талдау, қойылмаған
тыныс белгілерін қою, өздері құрастырған сөйлемдер мен мәтіндерге
қажетті тыныс белгілерін қойып, қойылу себебін тусіндіру.
Сабақта
оқушыларды
сөйлеуге
дағдыландыру
үшін
пайдаланылатын басты материал – мәтін. Оқушылар заттың атын,
белгісін, қимыл әрекетін, жай – күйін білдіретін сөздермен ғана
танысып қоймайды, сол сөздерді пайдаланып, сөйлем құрауға
үйренеді.
Сөздер
сөйлемде
фонетикалық,
грамматикалық
құбылыстарға түседі, олар белгілі бір ережеге байланысты
түсіндіріліп, өткен материалдар қайталанады.
8-сынып оқулығында 221 жаттығу бар. Жаттығу материалдары
көркем әдебиеттен, ауыз әдебиетінен алынған мақал – мәтелдер,
жаңылтпаш, нақыл сөздер, жұмбақтар түрінде келеді.
Оқулықтың бұрынғы басылымдарында жаттығу тапсырмалары
көбінесе тақырыпқа сәйкес болып келетін болса, ал жаңа
басылымында қосымша тапсырмалар да бар. Бұл тапсырмалар
тәрбиелік мәні бар мәтіннің мазмұнымен ғана таныстырып қоймай
лексикалық,
морфологиялық,
синтаксистік,
пунктуациялық,
стилистикалық талдаулар жасауға арналған. Яғни синтаксистік
жаттығуларды орындау үшін ғана емес, тілдік категорияларды жан -
жақты меңгеруге, өткен материалдарды еске түсіріп отыруға
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: