28
1. Синтаксистен орта мектеп оқушыларына берілетін білім
көлемін белгілеу.
2. Синтаксистен берілетін білімнің танымдық және тәрбиелік
мәнін ашу.
3. Синтаксисті оқыту әдістері мен тәсілдерін анықтау.
4. Синтаксисті оқытуға байланысты жүргізілетін негізгі
жұмыстардың, жазба жұмыстарының, жаттығу жұмыстарының
түрлерін белгілеу.
5. Қазақ тілі синтаксисі методикасының ұғымдары мен
терминдерін жасау.
Қорыта келгенде, синтаксистік талдау және оның методикасы -
қазақ тілін жан-жақты зерттеуді қарастыруды мақсат тұтқан
талдаулардың бірі. Ол- оқушылардың саналы, дара білімдерін
жетілдіруге, мұғалімдер мен шәкірттердің арасындағы байланысты
нығайтуға және синтаксистік талдауды дамытуға әсер ететін фактор.
Қазіргі кездегі тәжірибелі мамандар мен қазақ тілі методикасын
жетілдіру үшін өз ізденістері мен еңбектерін ұсынып отырған
мақалалар мен оқулық авторларының басты мақсаты- қазақ тілінің
синтаксистік талдау методикасына жаңа әдіс-тәсілдер енгізу, жаңа
бағдарламалар жасау.
Достарыңызбен бөлісу: