Байланысты: Қазақ тілін оқыту (жазба жұмыстар). Оқулық by Түсіпова Қ.Д. (z-lib.org)
5.1 Грамматикалық қателер 1. Қазақ тілінде де басқа тілдердегі сияқты айтылуы мен жазылуы
түрліше сөздер бар. Мысалы,
жазса-жасса ,
ашса-ашша ,
шекара- шегара , т.б. сияқты сөздердің дұрыс жазылуын ажырата алмай,
қателер жіберілетіні байқалады. Бұл фонетика заңдылығына
байланысты тиянақты білімі жоқ екендігінің белгісі.
2. Грамматикадағы «сөз құрамы» тақырыбы бойынша тілдік
ережелер мен қағидаларды тиімді жолдармен тиянақты түсіндірмеу
салдарынан туынды түбір, түбір сөздер, қос сөздер, біріккен сөздер,
қосымшалар (жұрнақ, жалғау) мен шылауды да ажырата
алмағандықтан қателер жібереді. Әдетте мұндай қателерді
грамматикалық ережелерді құрғақ жаттап алған, саналы меңгермеген,
нақты сөздерге қандай ереже бойынша, қандай қосымша
жалғанатынын жете түсінбеген оқушылар жіберіп отырады. Оның
себептері бұл грамматикалық ережелерге сәйкес қажетті жаттығулар
мен бақылау жұмыстары атүсті жүргізіліп, оларды оқулықтардан құр
көшіріп жазғызумен ғана шектелген жағдайда болады. Бала өз бетімен
әрекеттеніп, сол материалды саналы меңгеріп қана қоймай,
шығармашылықпен пайдалана алған жағдайда ғана бұл кемшілік
жойылатыны белгілі.
Оқушылар сөздердің сыртқы үлгілерін ғана көру арқылы
қабылдап, емлелік ережелерге бағына жазылатын сөздер арасындағы
байланысты
(ассоциацияны)
тиісті
дәрежеде
қалыптастыра
алмағандықтан осындай қателерге ұрынады.
Мұндай қателерді болдырмау үшін қажетті талаптар қойылады.
Олар: біріншіден, жазу таңбаларын есте сақтап, оларды қолдана білу;
екіншіден, сөздердің ең кіші бөлшегі (морфема) мен оның мағынасы
арасындағы байланыс саналылықпен қабылдануға тиіс, сонда ғана
қателіктен арылуға болады.