6. Талдау жұмыстары Жазба жұмыстарының таѓы бір түріне талдау жұмыстары
жатады. Методика тарихында талдау әдісін ғылыми дәрежеге
көтерген педагог – К.Д.Ушинский. Көп жылдық тәжірибелеріне
сүйене отырып, талдау әдістерінің құндылығы мен тиімділігін
дәлелдеді. Талдау әдістерінің материалы- дидактикалық материалдар.
Олар: 1) теориялық материалдар, (тақырыптың термині, анықтамасы,
ережелері, өзіндік ерекшеліктері); 2) практикалық (сөздер, сөйлемдер,
мәтіндер-фразалар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер).
6.1 Талдаудың түрлері Қазақ тілі бойынша талдаудың мынандай түрлері бар:
1) фонетикалық талдау; 2)лексикалық талдау; 3) морфологиялық
талдау; 4) синтаксистік талдау, т.б.
Фонетикалық талдауға келетін болсақ,
мазмұнына қарай екіге бөлінеді: 1)
дыбыс жүйесі бойынша талдау . Бұған мына тақырыптар
кіреді: тіл дыбыстарының жасалуы, дыбыс пен әріп, дауысты
дыбыстардың еріннің қатысына қарай, иектің қызметіне қарай, тілдің
қалпына қарай жіктелуі, үнді, ұяң, қатаң дауыссыз дыбыстар
2)